Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет15/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

Омонимдердің түрлері
К.Аханов: 1.Лексикалық, 2.лексика-грамматикалық 3.Аралас омонимдер деп топтастырса, орыс тіліндегі оқулықтардың бірінде, 1.Толық, 2. жартылай енді бірі: грамматикалық, енді бірі омофондар, омографтар, т.б. түрде айтады.
Тіл фактілерін ескере келе Ә.Хасенов, омонимдердің түрлерін төмендегідей бөлгенді мақұлдайды:
1.Толық омонимдер
2.Жартылай омонимдер
3.Фонетикалық омонимдер
4.Орфографиялық омонимдер
5.Көп компонетті омонимдер
Толық омонимдер: дыбысталуы жағынан бірдей, мағыналары басқа-басқа барлық тұлғада омоним болып келетін, біркелкі формада түрлене алатындар, мысалы: 1) тамақ – анатомиялық атау, 2) тамақ – ас, қорек, тағам мысалдағы зат есімдер – зат есімдердің, етістіктер – етістіктердің формаларымен түрлене алады.
2.Жартылай омонимдер кейбір формаларда ғана бір-бірімен омоним болады. Кейбір омонимдердің сыңарлары бір сөз тобынан ғана ждасаллмайды, әртүрлі сөз тобынан жасалуы мүмкін. Яғни, бір сыңар – зат есім, бір сыңары- етістікболуы мүмкін. Мұндайда олар әр сөз табынан жасалғандықтан бір-бірімен омоним бола алмайды. Мысалы: «көш» - зат есім, «көш» - етістік. Оысы формада бұлар – омоним. «Қаратаудың басынан көш келеді. Көшкен сайынбір тайлақ бос келеді». Мұндағы «Көш, көшкен» сөздері бір-біріне омоним болудан қалған. Яғни, олар атау тұлғада тұрғанда омоним болып, түрленгенде омоним болудан қалған сөздерді В.Н.Петрухин омоформалар деп атайды.
Б.Н.Головин мұндай омонимдерді 1.омоформы, 2.омоморфемы деп екіге бөледі. А.А.Реформатский мұндай құбылысты – конверсия – деп атайды.
3.Көп компонетті омонимдер.Кейбір сыңары толық, кейбір сыңары жартылай омонимдер болып келетін сөздер. Орыс тіліндегі оқулықтың авторлары бұларды жеке-жеке алып қарамайды. К.Аханов «аралас омонимдер» деп атайды. Бірдей дыбысталатын бірнеше сөздің бірер қатары – толық омоним. Бірір қатары – жартылай омоним болып келеді. Мысалы: «жаз» - зат есім, онтонимі – «қыс». 2) «жаз» - етістік, синонимі емде.
4.Фонетикалық омонимдер омофондар – біркелкі айтылып, түрліше жазылады, Мағынасы, сыртқы тұлғасы басқа-басқа. Мысалы: асшы – ас даярлайтын адам, ашы – сын есім, екеуі де «ашшы» болып айтылады, жазылуы мағаналары басқа-басқа. Сондай-ақ «қараала» - сын есім, қарала – етістік.
5.Орфографиялық омонимдер(омографтар) біркелкі жазылатын екпіннің әртүрлі түсуіне байланысты айтылатын сөздер. Мысалы: «алма» - зат есім, алма – болымсыз етістік, орысша берегу – жағаға, берегу – сақтаймын.
6.Паронимдердыбысталуы жақын, бір түбірден өрбіген, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер. Кейде мұндай сөздердің жазылуы да,мағынасы да жақындап қалуы мүмкін. Мысалы; орыс тілінде: существо – сущность;
Орыс лингвистері дыбысталуы жақын мағынасыжағынан әр түрлі сөзді қатарластыра қолдану тәсілін парономазия деп атайды. Қазақ тілінде өкімет-үкімет, ғылым-білім-ілім
7.Каламбур.Каламбур – француздың calembour (сөз әзілі) дегеннен алынған термин. Лингвистикада – не біркелкелкі дыбыталатын, не біркелкі жазылатын әртүрлі мағыналы ойнақы сөздер, сөз тіркестері сөз әзілі. Мысалы: Қалқам, жаным, қарағым, бетіңе келмес қарағым(С.Гер)
1.Синоним туралы түсінік, анықтамасы
Мағыналары бiр-бiрiне жақын, өзара мәндес сөздер синонимдер деп аталады. Өз ара мәндес сөздерден синонимдiк қатар құрылады. Оған екi немесе одан да көп сөздер енедi. Синоним – гр.т. synonimon – қатар айту деген мағынаны бiлдiретiн сөзiнен алынған. Синонимдер омонимдерге қарама-қарсы құбылыс. Синонимдер бiр сөз табына тән сөздерден жасалады. Мысалы, Өң, түр, түс, келбет, ажар, көрiк, әлпет т.б. – зат есiмдер; ал әдемi, көрiктi, шырайлы, ажарлы, келбеттi – сын есiмдер.
Кейде синонимдер бiр-бiрiмен тiркесiп қолданылады. Мұны плеоназм немесе плеонастикалық сөз тiзбегi деймiз. Мысалы, ежелгi ескi, көне тоз, жеке дара.
Синонимдер әр түрлi жолдармен пайда болған:
а) сөздiң қосымша мағынаға ие болуы негiзiнде;
б) сөз тудыру негiзiнде: жазғытұры, көктем;
в) диалект сөздер негiзiнде;
г) табу, эвфемизм негiзiнде;
д) кiрме сөздер негiзiнде: меймен-қонақ; қораз-әтеш.
Сөздің дыбысталу мен мағынасы жағынан салыстырып қарағанда, синоним омонимге қарама-қарсы тұрған лексикалық-семантикалық тілдік құбылыстар. Омонимдер ұғымы басқа, дыбысталуы бірдей бірнеше сөздер тобын білдірсе, синонимдер, керісінше, ұғымы бір, әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын қамтиды. Синоннмдер бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз табына катысты болады. Синонимдер мен омонимдер бір қатарга едген сөздердің сад мөлшері жагынан да ала-құла. Қазақ тілілде омонимдік қатарға енген сөздің саны не бары 4 - 5-тен аспайды. Ал синонимдік қатардағы сөздердің саны кейде қырықтан да асып жығылады. Синонимдер мынадай иілеріне қарай топтастырылады:1.Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлгалық өзгешелігі болуы қажет.2.Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек. 3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс. Бұл үш белгі — сөздерді синоним деп танудағы басты шарт. Сонымен қатар бір сөз табынан болған синонимдер бірыңгай грамматикалық тұлғада келуі мен контексте бірін-бірі алмастырура болғанда, бір гана сөйлем мушесінің қызметін атқарады синонимдердід қосымша белгілерін қөрсетеді. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, мағынасы жақын сөздерді синонимдер делінеді. Синонимдер сөздердің жалпы-магынлық бірлестігіне қарай топтастырылады, Яғни сөздер бір ғана ақиқат шындиқты көр- сетіп, бір гана үгымды білдіретіндіктен, олар синоним деп таны- лады. Синонимдік қатардың магыналық негізі сөздерді өзара жақындатып салыстыру үшін гана емес, сонымен қатар ол; бір-біріне қарсы қойып ерекшслеуге де негіз болады.Синонимдер бір ғана ұғымды білдіреді дегенмен олардың мағынасы нақ бірдей, әр уақытта олардың магынасы теп-тең болып тұрады деген сыңар жақ ұғым тумаса керек. Сөз беп сөздің мағыналық байланысы алыс та, жақын да, тікелей де, жанама түр, бола береді. Алыстың да алысы бар, жақынның да жақыны болады. Сөз мағынасының жақындыгы деген де тым кең ұғым, Мәселен, той-мейрам-мереке-думан-тамаша дегендер баласының қуанышты, қызықты күндерін білдіреді. Бұларды іштей «жалпы халыктық куанышты күндер» (Мейрам-мереке және «жеке семьяның немесе бір ауылдың қуанышты күн, (думан—тамаша) деп екі топқа бөлуге болады. Мұның ішіндегі той деген сөз куанышты күндердің екі тобына да жалпы айтылады. Өйткені бұл сөз кен мағынада да, тар ұғымда да жұмсала береді.
Сол сияқты семірту –шелдену—майлану—тойыну- жуан- дау—толу—қоңдану дегендер жан-жануарлардың арық семіз күйге айналғандыгын білдіретіндіктсн, синоним деп танимыз. Бұларды да мағыналық жақындыгына қарай екі жкке бөліп қарауға келеді: а) Адамга қатысты синоннмдер (жуандау—толу); ә) Басқа жан-жануарларға байланысты ағылатын синонимдер (шелдену-майлану-тойыну-қоңдану), Ал сөзі екі топқа да ортақ болып айтыла бсреді.
Сондай-ак, бағалы – құнды - қымбат деген сындык. Ұғымды білдіретін синонимдердіц де әрқайсысына тән өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, багалы сыйлық, бағалы киім дегсндегі мағыналық реңк құнды мен қымбат сөзінде жоқ. Құнды пікір де айтылғанмен | бағалы пікір деп айтылмайды. Сонымен синонимдер белгілі бір ұрымды білдіргенімен, олардыд арасында мағына жагынан толық сәйкестік, тепе-теңдік қасиет жоқ деп теледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет