Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет29/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76
Көмекші есімдер
Лексикалық мағыналары мен грамматикалық қызметтері жақтарынан зат есімдер бірдей емес. Олардың басым көпшілігі дербес мағынада жұмсалып, сөйлемде өз алдарына мүше болу қасеиттеріне ие. Ал кейбір зат есімдер өздеріне тән түпкілікті қызметтерінен жартылай айрылып қолданылады. Сондықтан бірнеше зат есімдер көмекші есім деген атпен бөлек дараланып аталады. Олар- заттың, я заттың ұғым бөлшегінің аттары. Өзінен бұрынғы сөзбен тәуелдік жалғаулары түрде тіркесіп, көмекші сөздер ретінде жұмсалады (институттың жаны, дәрісхана іші т.б.). Сонымен көмекші есімдер деп өздеріне тән лексика-семантикалық мағыналары бірде сақталып, бірде жартылай я әртүрлі дәрежеде солғындап, синтаксистік қызметі жағынан кейде дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамында қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз. Мәселен, Сыртын көріп ішінен түңілме (мақал). Ол қанша артта қалса да, пікірі алда. Бұл екі сөйлемдегі сыртын деген табыс септікті форма да, ішінен (әрі тәуелдеулі) шығыс септіктегі форма да артта, алда деген жатыс септікті формалар да лексикалық дербестігін, түрлену ерекшелігін, сөйлемде жеке мүше болу қабілеттерін де өз бойларында толық сақтап тұрған зат есімдер. Дәл осы зат есімдер көмекші есімдер есебінде жұмсалғанда, лексикалық мағыналарының солдануымен байланысты синтаксистік дербестігінен айрылады да, тек морфологиялық жағынан түрлену қасиеттерін ғана өз бойларында сақтайды. Мәселен, Омар ұшы-қиыры жоқ даудың ішіне кіріп кетіп, шатасты да жүрді (С.Тор.). Ой артынан ой туар, желге мінсең жеткізбес (Абай). Құдық басында, кешкі ауыл сыртында, от басында да әр кезде Абай сөздерін бұларға оқытып отырып, тыңдайтын Дәркембай, көп кәрі- жас бар (М.Ә.).
Бұл мысалдардағы даудың ішіне, ой артынан , құдық басында, ауыл сыртында, от басында деген тіркестердің бәрінен де іш, арт, бас, сырт сөздері ақиқат мағыналары солғындаған көмекші сөздер ретінде жұмсаған. Осыған сәйкес бұл сөздерді бәрі де бұрынғы негізгі сөздермен тіркесіп, күрделі мүшенің құрамында тұр. Олардың әрқайсысы негізгі сөздердің мағыналарын әр түрлі қосымша мағыналар үстеп тұр.
Бұлардың негізгі сөздерге үстейтін қосымша мағыналары көбінесе көлемдік қатынастарды, кейде ерекшеліктеріне қарай мезгілдік қатынастарды білдіреді. Яғни бір затқа қатысы жөнінен белгіленетін, кеңістікті, мекенде (ауылдың жаны) атайды. Сондықтан бұлардың мағынасы негізгі сөзге тіркесіп қолданылғанда ғана айқын танылады.
Көмекші есімдер мыналар: іші, маңы, ортақ, тұсы, арасы, төбесі, қасы, түбі, жаны, шеті, үсті, беті, асты, басы, арты, алды, төңірегі, айналасы, жағы, бойы т.б.
Сан жағынан аз болғанымен, бұл сөздер тілімізде, жиі қолданылады.
Көмекші есімдер зат есімше көптік, тәуелдік, септік жалғауларын қабылдап береді. Негізгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің бір мүшесі болып танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет