Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары


Көптік категориясының жасалу жолдары



бет30/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
Көптік категориясының жасалу жолдары
Тілімізде көптік жалғау категориясы да, көптік категориясы да бар. Бірақ бұл екеуі бірдей категория емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы онан гөрі әлдеқандай жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен көрінеді.
1. Лексикалық тәсіл. Ешқандай қосымша формаларсыз тұрып-ақ көптік ұғымда білдіреді. Мәселен, су, тұз, жүн, сақал, тазы, мұрт, шаш, өзбек, шөп, мақта, бидай.
2. Синатсистік тәсіл. Сан есімдер, сондай-ақ бірнеше, әлденеше, аз, көп, қыруар, бірталай, бірсыпыра сияқты сөздер зат есімдерден бұрын анықтауыш болып келгенде және кейбір қос сөздер көптік жалғаынсыз-ақ көптік ұғымды білдіреді. Мәселен, 12 совхоз, 3 институт, бірсыпыра кісі, қыруыар мал, бірнеше студент. Әдет-ғұрып, ойын-сауық, арба-арба астық.
3. Морфологиялық тәсіл. Көптік ұғым мұнда сөздерге итісті қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Мәселен, студенттер, оқушылар, үйлер, кітаптар т.б.
Қазақ тіліндегі көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын үш түрлі морфологиялық форма бар.
1. –з (-ыз, -із) формасы. Қазіргі тілімізде көне заманнан сақталған сарқыншақ ретінде бірен-саран сөздер де ғана ұшырасады. Бұл форма қазіргі кезде өз алдына қолданылмайды. Өлі форма ретінде сақталған. Мысалы, мүйіз, ауыз, біз, сіз, егіз, кез т.б. сөздерде –з формасы бөлінбейтін бөлшекке айналған. Бұл көне қосымша әуелде көптік жалғау емес, жұп, егіз, екеу болып келетін заттардың аттарына жалғанатын форма болған.
2. Етістіктің жедел өткен шағының бұйрық райының (барайық, келейік) шарттары райының көпше түрінің (бар-са-қ, кел-се-к) бірінші жағына қосылатын жіктік жалғау (-қ//к) әрқашан көптік мағына білдіреді. Бұл форма ерте кезде көптік ұғымды білдіргенге ұқсайды. Мұның этимологиясы әлі ашылған жоқ.
3. –лар//-лер (-дар//-дер, -тар//-тер) формалары. Қазіргі тілімізде көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық формалар. Мысалы: қала-лар, есік-тер т.б.
Сөйтіп, көпше тұлғада екендігін көрсету үшін сөздің түбіріне жалғанған қосымшаны көптік жалғау деп атаймыз.
Бұл жалағу түбір сөзге қазақ тіліндегі буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне сай түрленіп жалғанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет