Туынды зат есімдердің жасалу жолдары
Туынды зат есімдер жұрнақтардың көмегімен яғни морфологиялық (синтетикалық) тәсіл арқылы жсалады. Зат есім тудыратын жұрнақтардың бірсыпырасы есімдерден зат есім тудырады да, бірқатары етістіктен зат есім тудырады. Осы тәрізді қызметіне қарай жұрнақтар есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар және етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар деп аталатын екі топқа бөліп қарауға болады.
Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар
Олардың басты-бастылары:
-шы (-ші). Балық-шы, қай-шы, еңбек-ші, сауын-шы т.б.
- лық (-лік, -дық//-дік, -тық//-тік). Достық, оқулық, кедейлік, жігіттік т.б. жаңа-лық, мемен-дік.
-шылық (-шілік) –құранды жұрнақ (-шы, -лық) бейбіишілік, кеңшілік, айырмашылық, тоқшылық.
-шық (-шік), -шақ (-шек) қапшық, үйшік, жұтқыншақ, түйіншек, келіншек т.б.
-ша (-ше). Көрпеше, кітапша, сандықша.
-кер (-гер). Дәрігер, саудагер, қызметкер.
-дас (-дес, -тас//-тес). Жолдас, әріптес, отандас.
- дама (-деме, -нама) баяндама, мәлімдеме, жарнама, сәлемдеме, анықтама, сипаттама.
-кеш. Арбакеш, кірекеш, түйекеш, бикеш, суреттеме.
-қор (бейнеқор, мансапқор), -наз (аспаз, білімпаз, өнерпаз, -хана, -ғөй (ақылғой, дәмегөй), -тай, -қай, -жан (Апатай, ерекетай, балақай, ағажан), ек (тікен-ек), -лақ (тайлақ), кент (Ман-кент, Шым-кент, Құм-кент, Сүт-кент) т.б.
Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар
Бұлардың негізгілері деп төмендегідей бір топ жұрнақтарды атауға болады.
-мақ, -мек (-бақ//-бек, -пақ//-пек). Бұлар көбінесе абстракциялы мағыналы зат есімдер жасайды. Мысалы: табыспақ, ажыраспақ, аударыспақ және нақтылы мағыналы ілмек, сыр-мақ, құй-мақ, қыс-пақ, шақ-пақ, қақ-пақ;
-ыс, -іс, -с. Қимылдың, істің атын, процесті білдіретін зат есімдер жасайды. Мәселен: ағ-ыс, жүр-іс, таны-с, кір-іс, тұр-ыс, шығ-ыс;
-ім//-ым, -м. Құрыл-ым, біл-ім, бөл-ім, өр-ім, тын-ым, сен-ім, ұғ-ым, нан-ым т.б.
-ма//-ме, -па//-пе. Аялда-ма, сық-па, кес-пе, басқар-ма, көшір-ме, жай-ма, жар-ма, тарт-па.
-қы//-ғы (-кі//-гі). Мысалы, ашыт-қы, шаныш-қы, қондыр-ғы, күл-кі, шал-ғы, ұйт-қы, ұй-қы.
-шылық//-шілік. Есіркеу-шілік, түсінбеу-шілік, аяу-шылық, сенбеу-шілік.
-ық//-ік. Біл-ік, еміз-ік, көр-ік, күй-ік, жырт-ық, тес-ік, тамыз-ық, сез-ік, жар-ық т.б.
-қыш//-ғыш (-кіш//-гіш). Бас-қыш, жырт-қыш, көрсет-кіш, сүрт-кіш.
-мыс. Тұр-мыс, қыл-мыс, бол-мыс т.б.
-қын. Тас-қын, бас-қын т.б.
-қан. Қап-қан, тыш-қан.
-ын//-ін (-н). Бора-н, ег-ін, жау-ын, түй-ін.
-ман//-мен. Көрер-мен, өлер-мен, берер-мен, оқыр-ман, алар-ман, шабар-ман, тұрар-ман.
-ақ//-ек (-қ). Пыш-ақ, түн-ек, құш-ақ, жүр-ек, тара-қ, күре-к, қон-ақ, тіле-к, бұта-қ, төсе-к.
-дақ. Қуыр-дақ т.б.
-ыш//-іш. Таян-ыш, сүйен-іш т.б.
-ды. Жуын-ды, қйын-ды, шайын-ды т.б.
-дық. Қал-дық...
Бұл жұрнақтар зат есім тудыратын қабілеттеріне қарай өнімді және өнімсіз болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |