Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет33/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76
Зат есімнің жіктелуі
Басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түсу үшін зат есім сөздері тек көптеліп, септеліп, тәуелденіп қана қоймайды, сонымен бірге жіктеліп те қолданылады. Мәселен, мен студентпін, сен студентсің.
Жіктік жалғау басқа қосымшалар сияқты формасы жағынан морфологиялық тілде қолданылу жағынан тек қана синтаксистік қызмет атқарады. Себебі жіктік жалғау жалғанған сөз сөйлемде әрдайым баяндауыш болады. Олай болса, жіктік жалғау- баяндауышқа ғана тән жалғау.
Жіктік (жіктеу) категориясы- қазіргі қазақ тілінде етістікке ғана тән (жалғау) қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын зат есім, сын есім, сан есім, үстеу, есімдік, әр тарап (модаль) сөздер секілді сөз таптарына да тән қасиет. Яғни жіктік жалғауы етістік тәрізді бұларға да жалғанады. Мен дәрігермін, сен жассың, мен біргемін, сен біргесің, біз аз-быз, сен-дер көп-сің-дер.
Тәуелдік жалғауы сияқты жіктік жалғауы да үш жақта, жекеше, көпше: 2 жақта анайы, сыпайы түрде қолданылады.
Есім сөздерге жалғанатын жіктік жалғау қосымшасы өзі жалғанған сөзді белгілі жақпен теңдестіретіндіктен, кез келген зат есім сөзіне жалғана бермейді. Тек адамды білдіретін сөздерге ғана немесе өзінің бір белгісі, қасиеті жағынан адамға теңеуге болатын сөздерге ғана жалғанады. Бұл жағынан алғанда, жіктік жалғау көркем шығармаларда теңестіру мен образдар жасауда үлкен қызмет атқарады. Мысалы, хан емессің, қасқырсың, Қара албасты басқырсың, жылансың, Айыр құйрық шаянсың (М.Ө.).
Тау-да-мыз, ой-да-сың-дар, ауыл, қала-дан-быз сөздерге жалғанатын жіктік жалғаулары мына төмендегілер:
І. Жақ жіктік жалғаулар: = 15
Жекеше түрі: -мын//-мін, -бын//-бін, -пын//-пін, -м =7. бала-мын, жүр-мін, қыз-бын, кербез-бін, ұшқыш-пын, студент-пін, келді-м, барса-м.
Көпше түрі: -мыз//-міз, -быз//-біз, -пыз//-піз. Біз бала-мыз, инженер-міз, етістіктің жедел өткен шақ түрі мен шартты рай формасын жалғанатын -қ//-к (барса-қ, келсе-к, барды-қ, келді-к).
2 -жақ жіктік жалғаулары: =13
Анайы түрі, жекеше: -сың//-сің, -ң =3, бара-сың, кел-сің, барды-ң, келді-ң.
Көпше: -сыңдар//-сіңдер, -ңдар//-ңдер, -ыңдар//-іңдер. Бара-сың-дар, келе-сің-дер, -ңдар//-ңдер, -ыңдар//-іңдер, келдіңдер, барыңдар, келіңдер =4 қараң-дар, еле-ңдер, жаз-ыңдар, бер-іңдер.
ә) Сыпайы түрі, жекеше: -сыз//-сіз, -ыңыз//-іңіз, -ңыз//-ңіз. Бара-сың, сіз келе-сіз (бар-ыңыз, кел-іңіз) барды-ңыз, келді-ңіз т.б.
Сыпайының көпше түрі осы жалғаулардың үстіне (-лар//-лер) көптік жалғау үстелу арқылы жасалады.
3 жақ жіктік жалғаулары: = 4. –ды//-ді, бар-а-ды, ке-ле-ді, бар-ып-ты. Бұл қосымша тұр деген етістіктің бірте-бірте мағыналық та, дыьыстық та дербестіктерін жоғалтқаннан кейін (мысалы, бара-тұр, келе-тұр) қалыптасқан.
Профессор А.Ысқақов оқы-лық, кие-лік, жаз-айын, без-ейін, қара-йын, еле-йін, жаз-айық, без-ейік, қара-йық, еле-сін деген сөздердегі қосымшаларды етістіктердің бұйрық рай формасының жақ-жаққа қарай жіктелуі деп санайды. (А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі, морфология. Алматы, 1964, 92-93- беттер).
Бірақ бұлар бізше басқа қосымша сияқты. Сөйтіп, қазіргі қазақ тіліндегі жіктік жалғаудың 32 түрі форма-ватианты бар.
Түрлі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктеріне байланысты және 3-жақтың анайы жіктік жалғауы болмайтындықтан, зат есімдерге (осының) аталған форма-варианттардың 16 түрлісі-ақ жалғана алады. К = 6, С = 29, Т = 18, Ж = 32.
Есім сөздер мен етістіктің жіктелуінде мынадай өзгешеліктер бар:
1. Есім сөздердің түбіріне жіктік жалғауы тікелей жалғанады, ал етістік түбіріне тікелей жалғанбайды. Мен мұғаліммін, сен үлкенсің. Мен барамын, сен бардың, барсаң. Отыр, жатыр, тұр, жүр деген төрт етістікке және есімшеге жіктік жалғауы тікелей жалғанады.
2. Есім сөздерге үшінші жақ жіктік жалғауы жоқ. Ал етістіктің көсемше түрінің 3 жағында арнаулы жіктік жалғауы бар. Ол-дәрігер, ол-үлкен, ол барады, бар-ып-ты...
3. Есімдерге жіктік жалғауының толық түрі ғана жалғанады. Ал етістікке толық түрі де, қысқарған түрі де жалғана береді. Мен жұмысшымын (сың), айта-мын, оқыса-м т.б.
Жіктік жалғауы басқа қосымшалармен омонимдес болып келеді. Келсе-м, бөлме-м, өн-ім (зат есімнің жұрнағы), біздің бала-мыз, терезе-міз (тәуелдік жалғау); біз бала-мыз, келе-міз (жіктік жалғау); сенің бала-ң, сіздің бала-ңыз (тәуелдік). Жіктік жалғаулары жалғанған сөздерін бастауыштар мен тәуелдік жалғаулары ілік септігіндегі сөздермен байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет