Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет34/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76
Зат есімнің синтаксистік қызметі
Зат есімдер сөйлемнің бес мүшесінің де қызметін атқара алады. Олардың сөйлемдегі негізгі қызметі- бастауыш не толықтауыш болу. Ғылымды зерттейтіндерге кітап- таптырмайтын нәрсе. Аштық ақыл қоспайды. Жігітті көркінен таныма, сертінен таны.

7.132-133, 153 жаттығулар.



11-практикалық сабақ.


Сын есім. Сын есімнің шырай категориясы. Сын есімнің лексика-семантикалық сипаты.
Семантикалық жағынан зат есім әр алуан заттық ұғымдарды білдіретін сөз(дердің) табы болса, сын есім неше алуан сыр-сипатпен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Ол семантикалық мағынасы жағынан да, синтаксистік қызметі мен қолданылуы жағынан да қазіргі қазақ тіліндегі өзіне тән ерекшелігі бар сөз тобының бірі. Сөйтіп, сын есім деп заттың түр-тұрпатынан, сипатын, сапасын, көлемін, қасиетін, салмағын түр-түсін және басқа осы сияқты сындық, қасиет белгілерін білдіретін сөз табын айтамыз. Сын есімнің табиғи қызметі ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есімнен тіркесіп, заттың әр түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіреді. Мысалы: үлкен үй, Қартаң Каспий, қызық қазы, тұщы ас т.б. Сөздердің синтаксистік қызметін негізге алсақ, сын есім үстеумен де, зат есіммен де шатастырылып кетер еді. Мысалы, жақсы бала жақсы оқиды деген сөйлемдегі жақсы сөзі етістікті анықтап (пысықтауыш қызметін атқарып) үстеу сөздің қызметін атқарып тұр. Кірпіш үй, алтын сағат тіркестерінің бірінші сөзі заттың атауын білдіретіндіктен зат есім.
Ал синтаксистік қызметі- анықтауыш. Басқа сөз таптарынан сын есімді ажырататын белгілер мыналар: 1. Қазақ тіліндегі сын есімдер өз мағыналарында септелмейді,оларға көптік, тәуелдік жалғаулары қосылмайды. Егер бұл қосымшалардың бірі сын есімге жалғанса, онда ол заттанып (субстантивтеніп) кетеді. Бұл жалғаулар- зат есімге тән құбылыс. Сын есімнің бұл ерекшелігі өз алдына бөлек, дербес сөз табы екенін айқындай алады. Мысалы, қызылға қонған қарғадай. Жақсыға асық бол, жаманнан қашық бол (мақал). Ақтар мен қызылдардың алысып жатқан кезі еді (С.М.).
2. Сын есімнің өзіне тән шырай категориясы бар. –рақ//-рек, -лау//-леу (көгірек, үлкендеу) т.б.
3. Оның үшінші бір ерекшелігі - үп-үлкен, қап-қара, жап-жақсы секілді күшейтпелі формасының болуы. Бұл күшейтпелі үстеме буын да сөз таптарының ішінен тек сын есімге ғана тән.
4. Заттың сынын білдіре отырып, сын есім кейде қимылдың сыны көрсететін үстеумен астасып келеді. Бұл жағдайда ол үстеу қызметінде жұмсала отырып, өз мағынасын жоймайды. Яғни соның өзінде десын есім болып тұрады. Мәселен, хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін (Абай). Өлке бойындағы қалың тал мен әредік қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды (С.С.) деген сөйлемдегі жақсы, ақырын қимыл қозғалыстың сапасын білдіреді. Бұлар өздерінің негізгі мағынасын сақтап, үстеу емес, сын есім болып тұр.
5.Сын есім мен зат есімнің басқа сөздермен тіркесе алу мүмкіндігінде де елеулі айырмашылық байқалады. Зат есімге демеулік, септеулік шылаулар тіркесе берсе, секілді, сияқты, тәрізді, сықылды дегендерден басқа шылаулар субстантивтенбей тікелей өз мағынасында, қызметінде тұр сын есімге тіркеспейді. Керісінше,өтетым,аса,тіпті, керемет, орасан,ерекше,қос, ересен, секілді күшейтпелі үстеу сөздер сын есімнің алдынан тұрып еркін тіркесе бергенімен олар зат есімдерге тіркесе алмайды. Мысалы, тым үлкен, өте сұлу, тіпті жас, керемет, шешен, аса биік, қас жүйрік, орасан зор сияқты тіркестер қалыпты нормабола тұрса да, өте ада тіпті жылқы, тым ағаш,орасан көше деп айтуға болмайды.
6. Сөйлемдегі негізгі қызметтеріне қарай,
7. Зат есімнен тіркесуі шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет