Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет35/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76
Сын есімнің түрлері.
Заттың сыр-сипаттары мен белгілерін сын есімдер тікелей де басқа заттардың қатыныастары арқылы да білдіреді. Осындай сипаттарымен байланысты сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сапалық сын және қатыныс тық сын есім деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұлар қандай? қай? (қалай?) деген сұрақтарға жауап береді. Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын білдіретін,сыры мен сапасын, көлемін, дәмі мен иісін және заттың басқа да қасиет – белгілерін ббілдіретін сөздерді айтамыз. Мысалы, сұр, қызыл,көк, ақ; нашар тәуір, жаман; үлкен, кіші, жеңіл,ауыр, кащы, тәтті, сасық, күлімсі т.б.Әдетте, сапалық сын есімдерге еш бюір қосымша формаларсыз-ақ заттың сан алуан сырсипатын білдіретін түбір сөздерді жатқызу салты бар. Бірақ бұл қағида тек шартты түрде болмаса, үнемі тапжылмайтын қағида деп қарамау керек. Өйткені қазіргі кезде түбір де сияқтанып көрінетін формалар тарихы даму тұрғысынан қарағанда, тиісті қосымшалар арқылы я басқа тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер болып келеді. Мәселен, ұзын, ұзақ, үлкен, қызыл, ащы, тұщы, ауру, момын, ашық, қашық, толық, жасыл, ыстық қараңғы, құрғақ, тұнық сияқты. Сапалық сын есімдердің қайсысы болсын бастапқы түбір емес. О баста қосыша арқылы жасалғанын көне тіл фактілерімен, түбірлес сөздермен салыстырсақ айқын көреміз. Ұзақ, үлкейген, қызғылт, қызу, қызару, ашыды, тұщыды, ауырмайды, момақан, ашылды, жабылды, қашқалақ, жалпайған, сулы, жас, толу, ыссы, қараңдау, құры сөздерімен салыстырылған жоғарыдағы сын есімдердің туынды сөздер болғанын айқын көрініп тұрады. Қазіргі тілімізде аталған сапалық сын есімдер өлі түбірге айналып, қосымшалар кірігіп кеткен. Демек, морфологиялық құрылымы жағынан сапалық сын есімнің саны мен сапасы үшін бір қалыпта тұрмай, бірті-бірте дамып отыратындығын көреміз.
Сапалық сындардың сын есімдерге арқау болып қызмет ететін, қатыстық сындардан ерекшеленетін негізгі белгілері мыналар:
1. Сапалық сын есімдердің бәріне сынның әрқилы реңін білдіретін шырай категориясын жұрнақтары қосылады. Мысалы: сарырақ, сарылау, үлкенірек, сарғыш, ақшыл, сұрша т.б.
2. Сындық белгілері күшейте түсу үшін қолданылатын үстеме буындар жасалады. Мысалы, ап-анық, түп-түзу, сап-сары, күп-күрең, қып-қызыл т.б.
3. Атрибуттық семантикалық ерекшелігіне қарай (жақсы оқушы, әдемі киім) адвербиолдық (лат.үстеулі) қызмет (жақсы оқиды, әдемі киінеді) атқарады. Ал қатысты сын есімдер болу, келу, е көмекші етістерінен басқа (ол ашушаң еді, атты болды, сен тамақсау болдың) етістік баяндауыштарымен тіркеспейді.
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-қимылдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді айтамыз. Мәселен, балалы үй, жайлы қоныс, өткір пышақ, көтеріңкі міндеттеме т.б. Олар толық абстракцияланып кетпей, бастапқы төркінінен мағыналас, негізгі ұғымымен сыбайлас болып келеді.
Қатыстық сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдермен етістіктерден жасалады. Сөйтіп, заттың әр қилы сыр-сипатына, белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Аталық борыш, борансыз күн, қысқы каникул, қасындағы кісі, астындағы ат, отардағы мал, бақырауық түйе, жылауық бала, басыңқы сөйлем, асыранды бала т.б.
Қазірг.і қазақ тіліндегі сын есімдерді морфемалық құрамдарына қарай негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер деп бөлеміз.
Негізгі сын есімдерге бөлшектеуге келемейтін бір- ақ морфемадан тұратын, яғни түбір сөзден құралған сын есімдеер жатады. Сұр, биік, жұқа, ақ, сары, көк, ала, жылы, тік, ірі, жақсы т.б.
Туынды сын есімдерге жұрнақ арқылы жасалған бірнеше морфемадан құралған сын есімдер кіреді. Мысалы, мақтаншақ, ұйқышыл, таулы, үйлі т.б. сияқты сын есімдерді түбір мен қосымшаға бөлшектеуге әбден келеді.
Қазіргі кезде сапалық сын есім деп жүрген сөздердің көпшілігі, төркініне талдап қарағанымызда, туынды сындар болып келеді. Мысалы: жетік, тілік, жет, тіл, сергі, еңкей деген етістіктерден етістіктерден туғаны айқын. Сондай-ақ, ащы, тұщы секілді сындардың әуелгі формасы ашты, тұшты дегендер болған да, кейін белгілі дыбыстық өзгеріске ұшырап, бөлінбейтін түбір сөзге айналып кеткен. Бұдан негізгі сын есімдер мен туынды сын есімдердің араларындағы байланыс пен қарым-қатынас табиғи құбылыс екенін анық көрінеді. Екінші сөзбен айтқанда, тілдің грамматикалық құбылысы мен негізні сөздік қорының қарым-қатынасына туып қалыптасқан ішкі даму заңы бойынша, біркездегі туынды сын есім бірте-бірте негізгі сын есімдерге (тұлғаға) ауысып отыратыны (яғни қатыстық сын сапалық сын есімге) байқалады. Сын есім заттың сындық сапасын бір сөз арқылы да, бірнеше сөз арқылы білдіреді. Сөйтіп сын есімдер компоненттерінің құрамдарына қарай құрылысы жағынан 2-ге бөлінеді.
1. Дара (жалаң) сын есімдер: тар, әдемі, жасыл, нашар, кең, ұзақ т.б.
2. Күрделі сын есімдер. Бұлар бір лексикалық мағынада, сөйлемнің бір мүшесі қызметінде жұмсалады. Олардың жасалуы төмендегідей: а) негізігі сын есімдердің бір-бірінен тікесуі арқылы жасалады. Қара ала, қызыл көк, ақ шұбар, ақ көк т.б. ә) негізгі сын мен туынды сынның тіркесуі арқылы жасалады. Ақ көйлекті, қара қалпақты, сары түймелі т.б. б) зат есім мен туынды сын есімнің тіркесу арқылы. Ауыз жолды, жібек көйлекті, тері шалбарлы, ағаш сияқты, бидай өңді, ат жақты, қасқыр ішікті, тобылғы түсті. в) сын есімдер қосарлану арқылы жасалады. Үлкенді-кішілі, кәрілі-жасты, ақтылы-қаралы, таулы-таусыз, үлкен-үлкен т.б. г) тұрақты тіркестер арқылы да жасалады. Тонның ішкі бауындай т.б.
Сын есімнің дарасы (жалаңы) бұрын қалыптасады да, күрделісі тілдің ішкі заңының әсерінен кейінен бірті-бірте қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет