Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет39/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

Сын есімнің синтаксистік қызметі
Сын есімдер сөйлемде қолданылу орнына қарай сөйлемнің бес мүшесінің де қызметін атқара алады.
1. Заттың сынын, белгісін білдіретіндіктен көбінесе анықтауыш болады. Жақсы жастарды көзіммен көрдім (С.М.). Сұрғылт беттері сазарып алыпты (Ғ.Мүс.).
2. Жұмсалу орнына қарай баяндауыш та болады. Мен тіпті жүйрікпін (Ғ.Мүс.). Ой желке, қамыс құлақ қара көкпін (С.С.).
3. Сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше бола алады. Михаил Иванович ұзақ сөйледі (Ә.С.). Жолдас Орлов осы жұмысты қолға қатты алып жатыр (Ә.Ә.)
4. Атау тұлғада кім? не? деген сұраққа жауап берсе, сөйлемнің бастуышы болады. Бітер істің басына, жақсы келер қасына (мақал). Не жуандар, мықтылар кетпепті оның қасынан (Ж.Ж.).
5. Бұрма септіктерде тұрып (атау мен іліктен басқа) толықтауыштың сұрауларына жауап берсе, толықтауыш мүше болады. Жаманға жалынғанша, жат та жаныңды қарман (мақал-мәтел).

12 – Практикалық сабақ.




Сан есім. Сан есімнің мағыналық және тұлғалық ерекшеліктері. Есімдік, оның мағыналық түрлері. Есімдіктердің тәуелдену, септелу, көптелу, жіктелу өзгешеліктері.
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер заттың, құбылыстың санын, ретін, мөлшер шамасын білдіру үшін қолданылады. Белгілі бір сан есім бірде заттың сандық мөлшері түрінде айтылса, бірде санның абстракты атауы ретінде жұмсала береді. Мәселен, Домбырамды қозғайын, он бір перне, екі ішек әшекейлеп тағайын (К.Әзір.). Он екіге үшті қосса, он болады. 1-сөйлемдегі 11 сөзі перненің, екі сөзі шектің санын білдіріп (анықтап) тұр. Ал 2-сөйлемдегі сан есімдер тек абстракты сан атаулары ретінде қолданылып тұр.
Қазіргі қазақ тілінде нағыз сандық ұғымды білдірмей де, мөлшерлік мағынада немесе сандармен мағыналас болып келетін біраз сөздер бар. Мысалы: ширек, жарты, жарым сөздері бөлшектік ұғымдардың: жалқы, жалғыз, сыңар, дара сөздері бір деген септік санның; қос, егіз, пар, жұп деген сөздердің екі деген есептік сан есімнің мағынасын бере алатыны күмәнсіз. Бірақ мұндай сөздерді кейбір ғалымдар лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай басқа грамматикалық сөз таптарына жатқызады. «Қазақ тілін грамматикасы», І, Морфология. Алматы, 1967, 92 бет. Ал кейбірі бұларды сан есімдер қатарына жатқызады (А.Ысқақов, «Қазіргі қазақ тілі, Морфология», Алматы, 1964, 282-бет.
Сан есімдер морфемалық құрамына қарай негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді. Негізгі сан есімдер қатарына тек қана есептік сандар ғана жатады да, туынды сан есімдер осы негізгі есептік сан атауларына –ыншы, -ау//еу, -ер, -дау//-дей жұрнақтары қосылу арқылы жасалады. Он-оныншы, екі-екеу, алты-алтау т.б.
Осы сияқты сан есімдер құрамы жағынан да –ге бөлінеді:
1. Дара сан есімдер. Бұл сандардың атаулары көп емес, бар болғаны- жиырма шақты ғана сөз: 1-9-ға дейін және 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100, 1000...
2. Күрделі сан есімдер. Бұлар негізгі және туынды сан есімдердің өзара тіркесуі және қосарлануы арқылы жасалады. Он бір, 23, 35, он екінші, бесеу-алтау, үш-төрт т.б.
Күрделі сан есімдердің құрамындағы дара сан атаулары 2 түрлі жолмен тіркеседі.
1. Қосылмалы жол. Мұнда күрделі сандар бір санның үстіне басқа бір санды қосып айту жолымен жасалады. Он+бес, отыз+екі, жүз+елу+алты...
2. Көбейтпелі жол. Бір санды басқа бір санға көбейту, еселеу жолымен жасалады. Екі+жүз, екі×мың т.б.
Қазақ тілінгеі сан есімдер іштей мағыналық және морфологиялық өзіндік ерекшеліктеріне қарай: есептік, реттік, жинақтық, топтық, болжалдық, бөлшектік сан есімдер болып алтыға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет