Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет70/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

ІІІ. Демеулік шылаулар
Демеулік пен жалғаулықтар сөздерді сөйлемдерді байланыстыру үшін қызмет етсе, демеуліктер өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді, тежейді, сұраулық мағына қосайды, күшейтеді т.б.
Септеулік пен жалғаулықтар грамматикалық қызметі жағынан жалғаулықтарға ұқсас, демеуліктер жұрнақтарға ұқсас. Бірақ, тек, жалғыз-ақ, сияқты демеуліктері сөздер мен сөйлемдер арасындағы қатынасты білдіру үшін де жұмсалады.
Сонымен өздері тіркесетін сөздің мағынасын түрлендіретін, оған әр түрлі қосымша мағына үстейтін, бүкіл сөйлем мәніне әсер етіп эмициональды- экспрессивтік өң беретін шылаулар демеуліктер деп аталады. Мысалы: Мұхит тез орала қоймады деп қынжылдыңыз ба? Жолаушылардың алдынан жұмсақ қана самал соғады.
Демеулік шылаулар лексика- грамматикалық мағыналары жағынан 6-тоқа бөлінеді. 1. Сұраулық демеуліктер; 2. Күшейту, даралау мағынасындағы демеуліктер; 3. Тежеу немесе шектік демеуліктер; 4. Болымсыздық, қарсы қою және салғастыру мағынасындағы демеуліктер; 5. Көңіл-күйді білдіретін демеуліктер; 6. Нақтылық, сенімділік, қомсыну- кекесін мағыналы демеуліктер.
І. Сұраулық демеуліктер баяндауыш қызметіндегі сөзге тіркесіп, сұраулық мәнде қолданылады. Олар –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, -ше.
а) балаңыздың өзі де оқимын дей ме? (С.М.). Сибирдің кейбір жылдары болатын үздіксіз жаңбыры басталса ше?
ІІ. Күшейту, толғау, даралау мағынасындағы демеуліктер сөйлемдегі ойға не жеке сөздерге қосымша күшейткіш, толғау, дарала, мән-мағына жамайды. Бұл демеуліктерге мына сөздер жатады: -да, -де, -та, -те, -ақ, -ды, -ді, -ты, -ті, әсіресе, болмаса. Мысалы, ертең емес, бүгін-ақ, қазір-ақ, жүрсек етті (М.Ә.). Онысы рас та еді.
-Да, -де демеуліктерін осы тұлғалас жалғаулықтардан, жатыс септігінен көнеленген үстеу мағыналы жалғаулықтардан ажырата білу қажет. –Ал, -ма, -ме сұраулық шылаулар етістіктің болымсыз түрінің, сөз тудыратын жұрнақтарымен омонимдес келеді. Мысалы, 1. Ерболға мына сөз әсіресе жат сезімді (М.Ә.). «Әсіресе» бұл жерде дөрекілік мағынамен білдіреді. 2. Жер болса қалың қар, оны қуғанда қай жерге дейін шаппақсың (М.Ә.). Мұндағы болса сөзі ойды екпін түсіріп қимылды білдіру үшін қолданылып тұр.
ІІІ. Тежеу немесе шектік мағыналы демеуліктер іс-әрекетке белгілі бір нәрсеге тежеу, шек қою үшін жұмсалады. Олар: -қана, -ғана, тек қана. Мысалы: 1. Оқжетпес бұл жолы ондай әсер бермеді, тәртіптен жекешеленіп жиналған тастар болып қана көрінді (С.М.). 2. Жасыл түсін өзгертпейтін қарағай ғана (С.М.). 3. Соны тек бір қайырып айтсаңыз екен (М.Ә.). 4. Тек қана түс артынан болған жүрек құйынын аңғарады (М.Ә.).
ІҮ. Болымсыздық, қарсы қою және салғастыру (салыстыру) мағынасындағы демеуліктер тіркесетін сөздерге болымсыздық, яки қарсы қою мағынасын үстейді. Бұл демеуліктерге жататын сөздері мыналар: түгіл, тұрсын, тұрмақ, ғұрлы (құрлы), ғұрлым т.б.
Тұрмақ, түгіл тағы басқалары демеуліктері есімдерге, үстеуге тұйық рай, есімшелермен жалғасады (тіркеседі). Мысалы: Қарағайларға ұялаған қою тұман ешкі тұрмақ түйені де көрсетер емес (Ғ.Сл.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет