Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет69/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

І. Жалғаулық шылаулар
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын жалғауларды жалғаулық шылаулар дейміз.
Демеуліктерден айырмасы- бұлар тиянақты формадағы (тұлға) өзара тең сөздерді сөйлемдерді байланыстырады. Олардың арасындағы грамматикалық қатынасты білдіреді. Мысалы: Бұл Ержанға да, өзіне де, өзгелерге де риза болып кеткеннің мағынасы еді.
Функциялық қызметі мен мағыналарына қарай жалғаулықтар 6 топқа бөлінеді (бұған қоса салаластырғыш және сабақтасқыш).
1. Қарсылықты жалғау: алайда, бірақ та, сонда да, жоқ т.с.
2. Ыңғайлас жалғау: және, мен, бен, пен, да, де т.б.
3. Талғаулықты жалғау: я, не, яки, немесе, әлде, кейде.
4. Себептік жалғау: неге десең, не үшін, себебі, өйткені.
5. Салдарлық жалғау: сондықтан, соның үшін, сол себепті.
6. Шарттық жалғау: егер, егер де, алда-жалда, онда.
ІІ. Септеулік шылаулар
Септеуліктер деп объект мен объектінік не предидикаттық арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып жүрген және белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз. Бұлар зат есім, сан есім, есімдік, есімше, тұйық етістіктерге тіркесіп сөз бен сөздің арасындағы өзара байланыс.
Септеулік шылаулар өзінің алдына қойған толық мағыналы сөздің А, Б, Ш, К.
1. Атау септігіндегі сөздерге жалғанатын шылаулар: жөнінде, жайлы шылау арқылы.
2. Барыс жалғаулы сөзбен тіркесетін шылаулар: дейін, шейін, жуық, тарта, таяу, сәйкес, қарсы.
3. Шығыс септігіндегі сөздерге жалғанатын шылаулар: әрі, бері, бұрын, басқа, бөтен.
4. Көмектес септігіндегі сөзге жалғанатын шылаулар: бірге, қатар, қабат.
Жалпы алғанда шылаулар өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайтын, түрленбейтін категория. Бұл жалпы қағиданы ауытқу мезгіл-мекен мағыналы септеуліктерде кездеседі. Ол септеуліктен сын есім тудыратын –ғы, -гі жұрнақтарын қабылдап, қолдана береді. Мысалы: Лекциядан соңғы, демалыстан бұрын. Алайда, бұл арада жұрнақты қабылдаушы тек септеулік емес аналитикалық формадағы толық мағыналы (күрделі) сөз –ғы, -гі жұрнағы мезгіл, мекен мағыналы сөзге жалғанатын жұрнақ.
Септеуліктер мағынасына қарай 5 топқа бөлінеді:
1. Мезгіл-мекен мағынасындағы септеуліктері: салым, таман, қарай, дейін, шейін, болса, бойда, кейін. Мысалы: Зырқырап оғы кетеді, Қалмаққа таман жетеді.
2. Амал мағыналы септеуліктер: арқылы, бойынша, бірге, қатар, қабат, арқасында. Мысалы: Тегінде әйелді әйел жақсы түнумен бірге өте жақсы міней біледі.
3. Мақсат, себеп мағыналы септеуліктер:
а) тұйық етістікпен тіркесіп үшін септеулігі істің мақсатын білдіреді;
ә) өткен шақ есімшеге тіркескенде үшін септеулігі себеп мағынасы жақын жұмсалады;
б) деп- мағына жағынан үшін –ге жуық көмекші етістік;
в) зат есімге тіркесіп деп арнаулы объектіні білдіреді.
4. Қатысты мағыналы септеуліктер: туралы, турасында, жайында, жайлы, жөнінде. Бұл септеуліктер пікірдің, істің кімге, неге қарасты екендігін білдіреді.
5. Теңеу, толғау мағыналы септеуліктер: сияқты, секілді, тәрізді, гөрі. Африканың қалың ормандарында арыстан, жолбарыс сияқты аңдар ғажап көп болады.
Септеулік шылаулар- басқа сөз топтары есесінен (үстеу, есім, етістік сөздерінен- бәрі, әрі, бұрын, басында, шағында, бойы т.б.) толығып жетілуі үстіндегі сөз табы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет