Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет72/76
Дата13.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#42936
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû ?àçà? ò³ë³ äûáûñòàðû, ò?ðëåð³, æàñàëóû. Äûáûñ

Одағайлардың түрлері
Одағайлар жай, адам сезімінің алуан түрлі күйін, сезімін білдіретін дыбыстардан шығып, белгілі сөздерге айналған. Бұған жоғарыда келтірілген мысал дәлел бола алады.
Бұлар түрленбейтін, жалғау жұрнақты көп қабылдамайтын сөз табы. Одағайлар субстантивтенгенде ғанақосымша қабылдайтын категория. Кейбір одағайларға етістіктің –ла, -ле жұрнағы жалғанады. Ойбай-ла, ах-ла, уһ-ле.
Одағайлардың ендібір тобы қосарланып қолданылады. Моһ-моһ, әлди-әлди, шөре-шөре т.б.Сөйтіп, одағай сөздер морфемалық құрамы жағынан негізгі және туынды одағайлар болып екіге бөлінеді.
Негізгі одағайларға әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мынадай сөздер жатады: А! О! Ә! Ой! Қап! Бәсе! Мә, ау, пай! Оһо! Беу, аһа! Тәйт! т.б.
Туынды одағайларға: Апырым-ай, мәссаған, әттеген-ай, бәрекелді, япырм-ай, масқара-ай, о тоба.
Тіліміздегі одағай сөздер семантикасына қарай үш топқа бөлінеді.
І. Көңіл-күйі одағайлары адамның әр алуан көңіл-күйін, сезімдерін білдіреді. Одағайлардың бұл тобы мағынаға өте бай, сан жағынан көп. Семантикалық құбылуына қарай көңіл-күйі одағайлары дараүштопқабөлінеді.
1. Жағымды көңіл –күйін білдіретін одағайлар: Алақай, ура, паһ-паһ, бәрекелді, охот.б.
2. Жағымсыз эмоцияны білдіретіндер: әттең, әттеген-ай, қап, тәйірі,түге, пішту, шу-ай, бай-бай.,
3. Әрі жағымды, әрі жағымсыз сезімді білдіретін одағайлар: пай-пай, ту-ту одағайын бұған ала мәндес зат есім, сілтеу есімдігінен ажырату қажет- ту тігілді, ту биікте, ту сыртында т.б.
Мысалы: Пай-пай, қандай жарасады, ә?! (Кәлменов)
ІІ. Пай-пай, шіркін, Алатау, шондоз едің неткен сен! Бұл екі сөйлемде пай-пай одғайы таңдану, сүйсіну, таңырқай мағынасын білдіріп тұр.
Ал, Пай-пай, осы білімсіздің тартатынын-ай! Айтпайсың ба сартылдатып! (Ғ.М.).
2. Пай-пай, аяқтарының астында қаламыз-ау! (М.Ә.) деген екі сөйлемде ренжу, наразылық мағынасын білдіреді. Ту одағайы да омонимдес мағынада қолданылады. 1. Ту, ағаң, жақсы екен! (Т.С.)- таңдану, таңырқауды... 2. Ту, мазасыз адам екенсіз өзіңіз! (Сатыбалдин)- ренжу, наразылық білдіру мағынасында.
2. Императивтік одағайларға- хайуанатқа не адамға айтылатын шақыру, тыйым салу, жекіру,бұйыру мақсатымен қолданылатын сөздер жатады. Бұлар бағытталған объектісіне қарай екіге бөлінеді.
1. Адамға арнайы бағытталып айтылатын ишарат одағайлар: Айда, шәйт, мә, марш, кәне, мәні, әні, жә, тәк, әлди-әлди, тәйт әрі, сап-сап т.б. Мысалы, 1. Тек тантымай сөйле! Былғама Нұрғанымды (М.Ә.). Сап-сап, көңілім, не кірме, тоқта! (Аманжолов). 3. Жә, тоқтат, ақсақал! (М.Ә.).
2) Малға бағытталып айтылатын одағйларға мыналар жатады. Моһ-моһ, шөре-шөре, сорап-сорап, көс-көс, құру-құру, ауһау-ауһау, әйтшу. Мысалы: Әйтшу деген атанға күш, әу деген жігітке күш (мақал).
3. Тұрмыс-салт одағайларының саны аз. Бұған адамдардың қоштасу-амандасу т.б. сыйластық жасау мақсатымен айтылатын сөздері жатады. Мәселен: Кеш жарық, қош, қайыр, рахмет, құп, ассалаумағалейкум, ләппай т.б.
1). Ассалаумағалейкум, Абай аға! – Уағалейкум сәллем!
2). Құп, -деді де қоштасып жүріп кетті агроном. (Ғ.М.).
3). Қош, еркін кәрі Атырау толқындары (Ә.С.).
Одағайлар көркем шығарма тілінде, әсіресе диалогтарда жиі кездеседі. Олар сөйлемде орынды келіп интонациясымен құбылып, оқшауланып айтылады. Тұрған орнына қарай алды-артынан үтір, кейде леп белгісі қойылады. Сөйлем ішінде одағай сөз айтылса, ол сөйлем лепті сөйлем, кейде сұраулы сөйлем құрайды.

7.248-249 жаттығулар.


15 –Практикалық сабақ.
Синтаксис. Синтаксис туралы жлпы түсінік. Синтаксистің негізгі объектілері. Синтаксистің морфологиямен өзара қарым қатынасы.Сөйлем.Сөйлемнің грамматикалық белгілері. Сөйлемнің құрылысына қарай және айтылу мақсатына қарай түрлері. Сөз тіркесі оның байланысу тәсілдері.. Сөз тіркесінің жеке сөзден және сөйлемнен айырмашылығы. Еркін және тұрақты тіркес. №15.341-342 жаттығулар.
Сөйлем мүшесі туралы түсінік. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.Жай сөйлемнің құрылысына, айтылу қарай бөлінетін түрлері. №15.364-365 жаттығулар. Құрмалас сөйлем, оның түрлері. Аралас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары.Салалас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары,түрлері.Сабақтас құрмалас сөйлем, жасалу жолдары, түрлері.
410,412,419-жатығулар.
Синтаксис – грамматиканың морфология сияқты, өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең праволы, әрі өзара тығыз байланысты бұл екі саласының қарастыратын объектілері тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері болады: морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынадай негізгі екі салаға бөлінеді: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркесінің құрамы, олдардың түр-түрі қарастырылады. 2. Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.
Сөз тіркесі - сөйлем құраудың материалы негізі де, сөйлем кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тіркесіне, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады.
Сөз, сөйлем және сөз тіркесі
Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын - грамматикалық единицалар – тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары – сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Сөз сөз тіркесінің құрамына, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір тұтастығын құрастыруға қатысады.
Сөз тіркесі дегеніміз – сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі, оның жұмсалу заңдылықтарын айқындаудан бұрын синтаксистік басқа единицалардан айырылатын қандай ерекшеліктері, жақын ұқсастықтары болады.
Сөз, негізінде, дараланған ұғымды, лексика - грамматикалық мағынаны білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері негізінде әр алуан лексикалық және синтаксистік топ құрау арқылы сөйлем ішінде айтылады. Сөздер қажеттіліктен өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді осыдан келіп сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты грамматикалық қасиетінің бірі болып табылады.
Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Тіркескен сөздер тобының сапасы әр уақытта бір түрлі болмайды, әр алуан болады. Мысалы, екі кейде одан да көп сөздер тіркесіп бір лексикалық түйдек жасалады (ақ қайың, боз торғай, кетіп бара жатыр); кейде екі не одан да көп сөздер тіркесіп синтаксистік тізбек жасалады (қарлы тау, желсіз түн, жыл сайын келу).
Лексикалық және басқа түйдекті тіркестер сөз тіркесі деген категорияға жатпайды. Лексика-грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне-бірі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі. Оның мынадай белгілеріне қарау керек:
1. Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады;
2. Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар тек сабақтаса байланысады
3. Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Сөйтіп, синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.
Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан құралады; бірі – сөз тіркесінің ұйытқы бөлігі, сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі - оның басыңқы сыңары, екіншісі – оған қатысты және тәуелді бөлігі – оның бағыныңқы сыңары. Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл құсымен (Абай) дегенде екі сөз тіркесі бар:
1.Жаздың (бағыныңқы) көркі (басыңқы);
2.Жыл құсымен (бағыныңқы), енеді (басыңқы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет