ЕББҚ: оқушы шығарылып берілген тапсырманы орындайды
«Төрт шаршы»-Мәтінмен жұмыс.
«Мәңгілік Ел»: идеясының 7 құндылығымен танысып шығып, төменде берілген тапсырманы орындаңыз.
Құндылық
|
Мазмұны
|
Маңыздылығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ЕББҚ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады;
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші органы ретінде құрылды.
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық топ өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару органында – ел Парламентінде білдіру болып табылады. Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
Ассамблеяның негізгі міндеттері
-этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
-қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
-Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
-Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
Бейнематериалмен жұмыс.
Бейнематериалға сүйене отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы – елдегі тұрақтылықтың алтын діңгегі екендігін дәлелдейтін мысалдар келтіріңіз.
ЕББҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;
2.Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы рөлі жоғары/орташа/төмен.
ПТМС формуласын орындаңыз
Позиция (мен солай санаймын, .....)
Түсіндіру (....себебі, ......)
Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....)
Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын....)
|
Оқушылар
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзіненмен танысады
Оқушылар «Мәңгілік Ел»: идеясының 7 құндылығымен танысып шығып, төменде берілген тапсырманы орындайды
Ассамблеяның басты ерекшеліктерімен танысады
Қазақстан халқы Ассамблеясы – елдегі тұрақтылықтың алтын діңгегі екендігін дәлелдейтін мысалдар келтіріреді
ЕББҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды
|
Дескриптор: «Мәңгілік Ел»: идеясының 7 құндылығының мазмұны мен маңыздылығын талдайды.
Мұғалім оқушы жұмысына кері байланыс жасайды.
Дескриптор: Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі тұрақтылықты сақтаудағы рөлін дәлелдейтін мысалдар келтіреді.
Мұғалім оқушы жұмысына кері байланыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |