4.2.2.1.берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде монолог құру.
4.5.1.2.көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
4.5.1.4.септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану.
Тілдік міндеттер
Асүй, қонақ бөлме, жуынатын бөлме, кіреберіс, қойма
Алдыңғы білім
Менің ауылым
Сабақтың барысы
С.кезең.і
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
уақыты
Қар.қат
Оқыту ресурстары
Кіріспе
«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушылардың назарын жаңа сөздерге аударады.Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушыларға жаңа сөздермен байланысты суреттер көрсетіледі.(үйдің ішкі жағы, яғни бөлмелер) Сол суреттерді көрсете отырып, жаңа сөздердің мағыналары түсіндіріледі. Оқушыларға сұрақтар қойылады? Балалар, сендер не көріп тұрсыңдар? Бұл қандай бөлмелер? Оқушылардың жауаптары тыңдалады, мұғалім тарапынан толықтырылады.
2 мин
Мұғ-Сынып
Үйдің суреті
Негізгі бөлім
«Көрсет және айт» айдарындағы тапсырма оқушылардың көру және айту арқылы есте сақтауын дамытуға бағытталған. Оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы қай заттың қай бөлмеде тұратынын айтып береді. Тапсырма оқушының айтылым дағдысын жетілдіреді. Сұрақтардағы айтылатын заттар әр үйде бар болғандықтан, балалар үйлеріндегі затты естеріне түсіру үшін көз алдына елестете отырып айтады. Бұл тапсырманы жүзеге асыру үшін «Ұшақ» әдісін қолдануға болады. Мұғалім сынып ішінде қағаздан жасалған ұшақты ұшырады. Ұшақ кімнің алдына түссе, сол оқушы сұраққа жауап береді.
1.Сендердің үйлеріңде кереует қай бөлмеде тұрады?
2.Сендердің үйлеріңде теледидар қай бөлмеде тұр?
3.Сендердің үйлеріңде тоңазытқыш қай бөлмеде тұр?
4.Сендердің үйлеріңде айна қай бөлмеде тұр. Тапсырма ауызша орындалады. Мұғалім оқушылардың тәуелдік жалғауын дұрыс айтуын қадағалап тұрады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдап, мадақтау сөздері арқылы бағалайды.
5 мин
Жеке
Қажетті суреттер, қағаздан жасалған ұшақ
«Есте сақта!» оқушыларға тәуелдік жалғауының көпше түрі қолданыстық тұрғыдан түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға тәуелдік жалғауының жекеше түрі мен көпше түрін салыстыру арқылы түсіндіреді.
Менің-біздің сіздің-сіздердің
Сенің-сендердің оның-олардың
Мұғалім оқушыларға тәуелдік жалғауының көпше түрін меңгертуде алдымен көптік жалғауы, содан кейін тәуелдік жалғауы жалғанатынын түсіндіреді, мысалдар арқылы көрсетеді, қайталатады.
Біздің
бақшалар-ымыз
інілер-іміз
ағаштар-ымыз
көршілер-іміз
-мыз, -міз
-ымыз,-іміз
Сендердің
Бақшалар-ың
інілер-ің
ағаштар-ың
көршілер-ің
-ың, -ің
Сіздердің
Бақшалар-ыңыз
Інілер-іңіз
ағаштар-ыңыз
көршілер-іңіз
-ыңыз, іңіз
Олардың
Бақшалар-ы
Інілер-і
ағаштар-ы
көршілер-і
-ы, -і
5 мин
Мұғалім - сынып
Тәуелдік жалғауының көпше түрінің ережесі
«Жаттығайық» тапсырмасы жеке орындалады. Оқушылар тәуелдік жалғауының көпше түріндегі қосымшаларды сөздерге жалғап, практика жүзінде жұмыс жасайды. Бұл тапсырма жазбаша орындалады. Оқушылар тақтаға шығып, оқулықтағы берілген сөйлемдерді жазады. Мұғалім оқушыларды бақылайды, оқушылар бір-бірін бағалайды.
3 мин
Мұғалім-сынып
оқулық
«Ойлан» тапсырмасы оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған. Оқушылар оқулықтағы суретке назар аудара отырып,ереже құрастырады. Тәуелдік жалғауының көпше түрін естеріне түсіреді. Өз түсініктері бойынша айтып береді, мысалдар келтіреді.
Жеке жұмыс
«Жаттығайық» тапсырмасын орындауда оқушылар тәуелдік жалғауының көпше түрін тәжірибеде көрсетеді. Бұл тапсырма «Суреттерді сөйлет» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушыларға бірнеше сөйлемдер беріледі. Сөйлемдердің ішінде суреттер қойылған оқушылар суреттердің орнына сөздерді қойып оған қосымшаларды жалғап айтады. Тапсырма топта орындалады. Оқулықтағы сөйлемдерді топтарға бөліп беруге болады. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Топтық жұмыс
Суретті сөйлемдер
«Кел, сөйлесейік» айдарындағы тапсырманы орындауда оқушыларға А4 парағы және түрлі түсті қарындаштар таратылып беріледі. Әр оқушы өз үйінің жобасын сызып, өз үйіндегі заттардың қайда тұратынын жазады, айтып береді. Көршісімен алмастырып, жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады.
Жұптық жұмыс
А4 парағы, түрлі түсті қарындаштар
Қор. бөлім
Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға әр бөлмеде тұратын заттар суреті беріледі. Оқушылар «фотоколлаж» әдісін пайдаланып, қай заттың қай бөлмеге тиесілі екенін айтып береді. Бұл тапсырма біріншіден, оқушының қызығушылығын тудырса, екіншіден, суретке қарап сөйлеу арқылы оқушының айтылым дағдысы дамиды. Әр топқа бөлмелерді бөліп, бөлмеге сай суреттерді жапсыруға тапсырма беруге болады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмысын қорғап шығады.
І топ-асүй, ІІ топ- қонақ бөлмесі, ІІІ топ-ұйықтайтын бөлме.
Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағаласа, оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды