4.5.1.1. мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазу.
4.2.2.1.берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру
«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім оқушылардың назарын жаңа сөздерге аударады.Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылар жаңа сөздерді «Сәйкестендіру» әдісі арқылы меңгереді. Жаңа сөздерді суреттермен сәйкестендіреді.Суреттер нөмірленіп беріледі. Оқушылар жаңа сөздердің қасына нөмірлерін көрсетеді. Жаңа сөздердің дұрыс айтылуын есте сақтау үшін сөздерді бірнеше рет қайталайды.
2 мин
Мұғ-Сынып
Жаңа сөздер жазылған флипчарт, суреттер, түрлі түсті маркерлер
Негізгі бөлім
«Жаттық» айдарындағы тапсырмада оқушылар берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырады. Оқушылар «дұрыс /бұрыс» әдісін пайдаланады. Бұл әдіс арқылы оқушылар дұрыс пен бұрысты ажырата біледі, логикалық ойлауы қалыптасады, оқушыларға дұрыс және бұрыс құрастырылған бірнеше сөз тіркестері беріледі.
сөйлемдер
дұрыс
бұрыс
Мейрамхананың іші салқын.
Алды көлік тұрағының кең.
Спорт сарайының артында мектеп тұр.
Таза емес айналасы алаңның.
Қонақүйдің жанында адамдар жүр.
Сауда үйійің алдында машина тұр.
Мұғалім оқушыларды «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Жақсы», «Тамаша» сияқты мадақтау сөздерімен мадақтайды.
«Ойлан» айдарындағы тапсырманы орындауда құраған сөйлемдердің ішінен «кімнің?», «ненің?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап. Үлгі:Мейрамхананыңіші өте кең. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар «кімнің?/ненің?» сұрағына жауап беретін сөздерді ажырата алады. Тапсырма топпен орындалады. Оқушылар бір-бірін бағалайды.
5 мин
Мұғалім - сынып
оқулық
«Есте сақта!» тапсырмасын орындауда мұғалім ілік септігінің «Кімнің? Ненің?» жалғауларын қолданыстық тұрғыдан меңгертеді. «Кімнің?» сұрағы адамға қатысты атауларға, Ненің? сұрағы басқа заттарға қойылады. Мысалы: Айгүлдің, Асқардың, Сашаның, Ираның ал заттарға аялдаманың, жолдың, мейрамхананың, қонақүйдің, көліктің. Тақтадағы флипчартқа оқушылар екі бағанға сөздерді жылдам орналастырып шығады.