4.5.1.2.көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
4.4.5.1.мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар бар сөздерді дұрыс жазу.
4.4.5.2.сөзге қосымшалар жалғау кезінде үндестік заңын сақтау.
«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім 1-тапсырмада берілген жаңа сөздерді аудартады, бірнеше рет қайталатады. Жаңа сөздерді сурет арқылы меңгертеді. Меңгерген сөздерінің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа сөзді қолдану дағдысын қалыптастырады. Ол үшін мұғалім тақтаға суреттерді (қыздың екі қолын екі жаққа жайып «Міне, менің үйім» деп көрсеткен суреті, мынау – менің ауылым, Анау тұрған менің қалам деген сөйлемдер жазылып тұрады, жаңа сөздер қарамен жазылған) іліп қояды немесе интербелсенді тақтадан көрсетеді. Жаңа сөздерді сурет арқылы көрсеткенде оқушының көру қабілеті және сөздің мағынасын түсініп есте сақтау мүмкіндігі артады. Және де бұл суретерден бөлек мұғалім өзі де басқа да мысалдар келтіреді. Мысалы: Әне, менің мектебім. Мынау-біздің сынып. Анау тұрған менің досым т.б.
2 мин
Мұғ-Сынып
Жаңа сөздерге қатысты, ауылға қатысты суреттер
Негізгі бөлім
«Ойлан» айдарындағы тапсырма оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған. Оқушылар сөйлемдерді оқиды да мағынасына қарай екі топқа бөледі. Оқушылар мұғалімнің көмегімен алыс/жақынды ажыратады. Мұғалім өзінің дауыс интонациясымен оқушыларға алыс пен жақынды ажырата білуге көмектеседі.
Жақында
Алыста
1.Міне, менің тұлпарым.
2.Әне, менің көршім.
3.Міне, менің үйім.
4.Әне, менің мектебім.
5.Анау-менің ағашым.
6.Мынау-менің туым.
7.Анау -менің бақшам.
8.Мынау -менің суретім
5 мин
Жеке
оқулық
«Есте сақта!» айдарындағы тапсырма оқушының есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған. Тапсырманы бүкіл сынып бірге орындайды. Интербелсенді тақтадан оқушыларға тәуелдік жалғауының ережесі көрсетіледі. Мұғалім ережені қолданыстық тұрғыдан мысал келтіру арқылы түсіндіреді. Біріншіден мұғалім оқушыларға менің, сенің сіздің оның деген сөздерді меңгертеді. Екіншіден, жалғауларға назар аударылады. Менің сөзінің тек қана -ым,-ім,-м, жалғауымен тіркесетінін мысал келтіру арқылы түсіндіреді. Менің ауылым, менің үйім, менің інім т.б.Дәл сол сияқты келесі жақтағы сенің, сіздің оның жалғауларын да мысал келтіру, оқушыларға ауызша қайталату арқылы меңгертеді. Мұғалім жалғау дұрыс жалғанбаған жағдайда сөздің байланысуының дұрыс болмайтынын ескертеді. Мысалы: менің үй, ауыл, дос т.б.
«Жаттығайық» жаттығуы меңгерген ережені практикада қолдануға бағытталған. Оқушы осы тапсырманы орындау арқылы ережені түсінеді. Оқушыларға бірнеше сөздер беріледі,оқушылар берілген сөздерді тәуелдейді. Тапсырма жазбаша топпен орындалады.
Және үлгіні қолдана отырып, сөздермен сөйлем және сұрақ құрастырады. Тапсырма ауызша орындалады.
Үлгі: Менің досым бар. Сенің досың бар ма?
5 мин
Жеке ж.
Сынып
оқулық
«Көрсет және айт» тапсырмасын орындауда оқушылардың назары оқулықтағы суретке аударылады. Бұл тапсырмада оқушылар қажетті сөздерді қолдана отырып, ауыл туралы айтады. Тапсырма ауызша орындалады. Оқушылардың логикалық ойлауын, сөйлеуін жетілдіруге бағытталған. Осы тапсырманы орындау барысында мұғалім оқушылардың тірек сөздерді дұрыс қолдануына назар аударады. Мұғалім оқушыларды мұқият тыңдайды, мадақтау сөздерін айту арқылы бағалайды.
оқулық
«Жаз» тапсырмасын орындауда оқушылар берілген сөздерге қосымшаларды дұрыс қойып жазуы керек. Оқушылар сөздерге қосымшаларды жалғап, астын сызады. Тапсырма топта орындалады. Әр топ жазып болған соң «Айналма бекет» әдісі арқылы бір -бірінің жұмысын бағалайды.
Мұғалім оқушыларды жазылуы мен айтылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландырады.
Бұлдырты-бұлдұрты
Құлын-құлұн
Жазылуы мен айтылуында айырмашылығы бар сөздердің ережесі
Қор. бөлім
Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында оқушыларға сәйкестендіру тапсырмасы беріледі. Оқушылар берілген сөздер мен қосымшаларды ирек сызық арқылы ережеге сай сәйкестендіреді.
Менің ауылы Сіздің
үйіңіз
досы
мектебім
қалаң
ойыншығым
дәптері
гүлің
бақшаң
Сенің Оның
Бүгінгі сабақты бекіту және жазылым дағдысын дамыту, өз ойын жазбаша сауатты жеткізу мақсатында оқушылар үй жұмысы ретінде өз ауылы туралы жазып келеді. Мұғалім үй тапсырмасының орындалу барысын түсіндіреді. Өз ауылы туралы жазуды бастамас бұрын, дескриптор құрылып, оқушыларға тірек сөздер беріледі.
Тірек сөздер: менің ауылым, өзеннің жанында, таудың етегінде, ауылдың ішінде, ауылдың сыртында, ауылдың жанында, өзеннің жағасында.
Дескриптор
1.Өз ауылы туралы 6-8 сөйлем жазады.
2.Тірек сөздерді қолданады.