Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың бас ақыны. Бала Абай» Мұхтар Әуезов Оқу мақсаты



бет1/5
Дата26.02.2023
өлшемі497,2 Kb.
#70000
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Бала Абай


«Бекітемін» ______________ Оқу ісінің меңгерушісі: Абжалиева Г.Е.



Мектеп:

№ 277 орта мектеп

Пәні:

әдебиеттік оқу

Күні: 01.02.2019ж.

Мұғалімнің есімі: Балгатаева Несибели Кенжебаевна

Сыныбы: 3 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Қазақтың бас ақыны. Бала Абай» Мұхтар Әуезов

Оқу
мақсаты

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып , белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннен сұрақтарға қажетті мәліметтерді табады.
Көптеген оқушылар: өздері сұрақ қояды.
Кейбір оқушылар: кейіпкерлер арасында сұрақ-жауапқа құрылған диалог құрастырады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындайды; мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады; шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды; берілген тақырып бойынша ой қорытып, сын тұрғысынан бағалай алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: қазақтың бас ақыны

Терминология: ұлы ақын, аудармашы

Сөз тіркестері: дәмді қылып, қызықтырып айтады

Пәнаралық байланыс

«Әдебиеттік оқу», «Дүниетану», «Музыка», «Математика» пәндерінен «Атақты тұлғалар» бөлімін өтіп жатыр

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану.

Құндылықтарды дарыту

Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру;



Алдыңғы оқу

Абай Құнанбаев туралы түсініктері бар. ( дүниетану, әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану) 2 сынып

Жоспарлан
ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар



Ресурс
Бағалау

Басы
7 минут
2 минут

2 минут







Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Әл-Фараби салған ізін жалғастырып,
Ғылым қуған,өнер қуған- Біз боламыз!
Абылай ханның көтерген туын жықпас,
Елдің «Батыр» ұландары - Біз боламыз!
Ыбырай ата,тәлімінен тәрбие алып,
Білім қуған «Ағартушы» - Біз боламыз!
Ұлы Абайдың өлеңдерін жаттап өскен,
Рухты ұрпақ, ақын жанды - Біз боламыз!
Бәрі бірге: Болашақтың жарқыраған жұлдыздары - Біз боламыз!
Топтасу
1-топ. «Ғалым»
2-топ. «Батыр»
3-топ. «Ағартушы»
4-топ. «Ақын»
*топ атауын қорғау
*топ басшысын сайлау
*топ ережесін еске түсіру
Нұсқаулық: «Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы үй тапсырмасы Ғафу Қайырбековтің «Алғашқы қоңырау» өлеңін топ бойынша сұрау.
Дескриптор:
- Өлеңді мәнерлеп оқиды.
- Өлең мазмұнын түсінеді.
- Автор туралы мағлұмат айтады.
4-топ. «Ақын» 1-шумақ
3-топ. «Ағартушы» 2-шумақ
2-топ. «Батыр» 3-шумақ
1-топ. «Ғалым» Автор туралы түсінік айту
«Сұрақ-жауап» әдісімен өткенді пысықтау.
1. Қандай ойшыл,ғұламамен таныстық? (Әбу Насыр әл-Фараби)
2. Әбу Насыр әл-Фараби қандай тілдерді білген?(араб,парсы,түркі)
3. Қазақ батырлары неліктен атқа қонды деп ойлайсың?
4. Үш жүздің басын құраған кім? (Абылай хан)
5. «Кел,балалар оқылық! өлеңін кім жазған? (Ыбырай Алтынсарин)
6. «Қазақ даласының алғашқы ұстазы» дегенді қалай түсінесің?
Осы тақырыптардың бәрін біз қандай ортақ тақырыптан өтіп жатырмыз? (Атақты тұлғалар)
Тыңдалым:
«Қыс» өлеңін аудиожазбадан тыңдау.

  • Өлеңді жазған кім? (Абай Құнанбаев)

  • Сіздер бүгінгі сабақта не үйренгілеріңіз келеді?

  • Сіздердің үйренгендеріңіздің дәлелі қандай болмақ?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет