Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы « Бала Абай » Авторы Мұхтар Әуезов Мақсаты: Ұлы адамдардың өміріне қызығушылық, еліктеушілік,үлгі тұту, сұрақтар қою және жауап беру.
Үлестірме қағаздар
Мадақтау
Бармақпен
Мадақтау
аудиожазба
Ортасы
28 минут
Дәптермен жұмыс. 8 минут
Автор туралы мағлұмат Мұхтар Әуезов - жазушы,ғалым. Мұхтар Әуезов (1897-1961) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған.Балаларға арнап «Көксерек» және т.б. шығармалар жазған.
Мұхтар Әуезов Абай туралы «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған.Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шағы, шығармашылығы, сол кездегі қазақтың тұрмысы баяндалған. Мұхтар Әуезов Абай туралы: « ... Қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты», - деп жазды. Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шығыс облысында дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы уезіне аға сұлтан болған.Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таныды . Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға берді . Абай араб, парсы, шағатай тілдерін жетік білген.Қазақтың халықтық өлең –жырларын, ертегі , қисса, аңыз- әңгімелерін әжесі Зереден естіп, жастай жадында сақтады.
Қазақтың бас ақыны – Абай (шын аты – Ибраһим) Құнанбаев.Одан асқан біз білетін ақын болған жоқ. Сөздің шырайлы,ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды,орынды болуына шыншылдық керек. Мағыналы,маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Ахмет Байтұрсынұлы Ұжымдық жұмыс