Сабақтың тақырыбы: "Бүгінгі студент, ертеңгі кәсіби маман"



Дата27.11.2023
өлшемі14,3 Kb.
#128844
түріСабақ


Тәлімгерлік сабақтың тақырыбы: "Бүгінгі студент , ертеңгі кәсіби маман"
Сабақтың мақсаты:
1 Білімділігі: Бітіруші түлектерге кәсіби біліктілікті қалыптастырудағы әдіскер мен студент арасындағы ынтымақтастықты айқындау, педагогикалық үрдістегі өзара қарым-қатынастың маңыздылығын ұғындыру;
2 Дамытушылығы: Білім алушыларға инновациялық ой-сана қалыптастыру, олардың инновациялық (жаңашыл) қызметін жүзеге асыру, ХХІ ғасыр мұғалімінің бейнесін даярлау;
3 Тәрбиелілігі: Білім алушыларға педагогикалық үрдістегі педагогикалық әдептіліктің өзіндік ерекшелігін қалыптастыру..
Жоспар:
I. Ұйымдастыру кезеңі (Сәлемдесу, сабақтың мақсатымен танысу)
II. Кіріспе
III. Мұғалімнің кәсіптік денгейі
IV.”Мұғалімдік мамандықтың ерекшелігі
V. Қорытынды
VI. Сабақтың соңы


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Топтағы студенттермен сәлемдесу, көңіл-күйін сұрау, жаңа аптаны сәтті бастау үшін жақсы лебіздер айту.

  2. Кіріспе.



Диплом алдындағы практика колледж түлектерін кәсіптік мамандыққа дайындаудағы болашақ мұғалімдерді өз беттерінше мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарына араласуға жіберетін қорытынды кезең болып табылады. Колледж студенттері әр сыныптар бойынша дайындаған күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын, практика өтетін мерзімнің әр аптасындағы үлгі жоспар-конспектілерін,кестелер,үлестірмелі топшамалар, көрнекіліктер, үнтаспа, әр сабақ соңында жүргізілетін танымдық материалдар, тестілер жинағы,сөзжұмбақ, бейнесөз, мақал-мәтелдер және т.б. көптеген қосымша материалдарын практика портфолиосына жинақтайды. Ата-аналар жиналысын өткізуге баяндамалар әзірлейді. Педагогикалық шеберлікті және әдептілікті оқушылармен қарым-қатынас кезінде жүзеге асырады. 
|||.Мұғалімнің кәсіптік денгейі.
Мұғалімдердің кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп құрылымы – жеке басының сапалық негізгі қасиеттері: Мемлекеттің, әлеуметтік ортаның идеясын насихаттаушы; өз кәсібіне жан – тәнімен берілгендік; мемлекет ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік – педагогтік бағыттар. Сапалық белгілері: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, ұйымдастырушылық, орынды талап қою, ұстамдылық, әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілік.

  1. Мұғалімдік бағыттың ерекшелігі

Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері деп әсіресе педагогтың іздемпаздығын, білуге деген құмарлығын, артық білуге ұмтылуын айтады. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы – ең алдымен оның жұмысында да, үйде де білімін ұлғайтып, тереңдетуге айрықша қабілетті болуы талап етеді. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта – ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды. Мұғалім жұмысының табысты болуы, белгілі жағдайда балаға деген сүйіспеншілікке байланысты.Ол балаға деген тілектестік, қамқорлық және оны құрметтей білуді педагогикалық жағынан талап етушілікпен ұштастыра білгені жөн.
Балаға сүйіспеншілікті бір жақты түсінуге болмайды. Ы.Алтынсарин «Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін өзі кінәлауға тиіс» - деп жазды. Біздің пікірімізше, балаға сүйіспеншілік – ең алдымен өз мамандығын жақсы көріп, өз пәнін көбірек мәлімет беруге ұмтылуы. Ғылым негіздерін баланың зердесіне көбірек сіңіріп, оның ғылым мен білімді игеруге ішкі қажеттігін туғызып, балаларға әсер ету қабілеті.
Психологиялық–педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.Сластенин, А.Н.Щербаков, т.б. педагогикалық қабілеттің бірнеше түрін бөліп көрсетті.

- Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскекрлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
- Академиялық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, биология, тарих, т.б) сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай біліп, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізу.
- Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін, сабақ үстіндегі психикалық жағдайын тани білу.
- Ұйымдастырушылық қабілет – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуі, оқу – тәрбие процесін дұрыс ұштастыруы, оқушыларға бағыт беріп рухтандыру ісіне басшылық беру, ата – аналармен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыруы, мұғаліснің өз жұмысын ұйымдастыра білуі.
- Коммуникативті қабілет – оқушылармен қалыпты дұрыс қарым – қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.
- Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналылық, жауапкершілікпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту.
- Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, көркемөнер, бейнелеу өнері, туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатыстырып, баланы жан–жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы тиіс.


  1. Қорытынды.

Жеке тұлғаны қалыптастыруда олардың жан-жақты дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу – адамгершіліктің басты мақсаты.Осындай қасиеттерді бала бойына қалыптастыру - әрбір ұстаздың міндеті.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет