Сабақтың тақырыбы: Білім жүйесін басқару


Жалпы білім беретін оқу орнының директоры мынадай функциональдық міндеттерді атқарады



бет7/9
Дата06.01.2022
өлшемі24,23 Kb.
#14562
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
19.09.20 Педагогика Тапсырма (1)

Жалпы білім беретін оқу орнының директоры мынадай функциональдық міндеттерді атқарады:

  • Мемлекет және қоғам алдында балалар құқын қорғау талаптарының орындалуына жауапты, оқу-тәрбие процесін жоспарластырады және ұйымдастырады, оны орындалу барысын және нәтижесін қадағалайды, оқу орнының тиімді және сапалы жұмыс істеуіне жауап береді;

  • мемлекеттік және қоғамдық органдар алдында мектептің мүддесін танытады;

  • мектептен тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті жағдай туғызады;

  • мектеп директорының орынбасарын таңдайды, олардың функцитональдық міндеттерін белгілейді; педұжымның, ата-аналардың және оқушылардың пікірін ескере отырып оқу орнының педагог кадрларын орналастырады, соның жетекшілерін тағайындайды;

  • оқу орнының педагог, әкімшілік, оқу-тәрбие және қызмет көрсетуші кадрларын жұмысқа қабылдайды және босатады;

  • белгіленген тәртіп бойынша оқу орнына бөлінген бюджет қаржысының ұтымды жұмсалуын ұйымдастырады;

  • оқу орны Кеңесінің келісімімен шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысына үстеме қосады;

  • шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық эксперимент жасауына, оқу мен тәрбиенің өзінің әдістерін практикада қолдануына қолайлы жағдай жасайды; өзінің қызметі бойынша білім басқармасы органының алдында жауап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет