Сабақтың тақырыбы: Білім жүйесін басқару



бет3/9
Дата06.01.2022
өлшемі24,23 Kb.
#14562
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
19.09.20 Педагогика Тапсырма (1)

Басқарманың функциялары:

- аймақтық бағдарламаларды жасауға қатысады және білім беруді дамытудың жоспарларын жүзеге асырады;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық кадрларды аттестаттауды өткізеді;

- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік-құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының, ведомстволық қарасты ұйымдарда бюджеттік және қаржылық тәртіптің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;

- білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүргізеді, облыс аумағындағы барлық мемлекеттік білім беру мекемелерінің қызметін үйлестіреді;

- әлсіз, ауру балаларды, сондай-ақ экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардың балаларын, табысы төмен және көп балалы отбасылардың, балалар үйлеріндегі жетім балаларды тәрбиелеу, білім беру және сауықтыру арқылы оңалту бағдарламасын іске асырады;

- білім беру процесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талдайды, қорытады және енгізеді;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық кадрларды аттестаттауды өткізеді;

- облыстың білім беру жүйесінің жай-күйіне сараптамалық талдау жасайды, оның даму үрдістерін айқындайды;

- оқыту технологиясы саласында инновациялық саясатты жүргізеді;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет