2. Облыстық бiлiм басқармасы облыс аумағында мектепке дейiнгі, орта жалпы, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсiптік бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк басқару қызметін тиімді іске асыру болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері:
- Білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында кепілді ақысыз орта білім алуын қамтамасыз ету;
- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіптік бағдарлауға бағытталған білім беруге қажетті жағдай жасау;
- қоғамның өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне және жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес облыстың білім беру жүйесін дамыту және әлеуметтік қорғау;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмілетке толмағандар аймақтық есепті жүргізуді ұйымдастыру;
- білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамыту, қаржылай қамтамасыз етілуін жақсарту;
- білім беруде, соның ішінде білім беру мекемелерін басқаруда инновациялық процестерді кеңейту;
- білім беру органдарының өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, жұртшылықпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен қызмет аясын кеңейту.
Достарыңызбен бөлісу: |