2.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану;
2.1.1.1 - музыкалық көркемдеуші құралдарың көмегімен музыканың сипатын анықтау;
Сабақтың мақсаты:
-қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданады;
- музыкалық көркемдеуші құралдарың көмегімен музыканың сипатын анықтайды;
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі (уақыты)
Педагог әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Амандасу. 1-тапсырма. Ақпарат іздеу. -Суреттегі спорт суреттерін сипатта
-Қандай спорт түрлерін ұнатасын?
2-тапсырма. Зерттеу Денис Юрьевич Тен (Алматы, 13 маусым, 1993 жыл - 19 шілде 2018 жыл) — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері. Ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері[1], VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Ванкувердегі олимпиадада Денис Тен өз деңгейінде өнер көрсетіп 76.34 ұпаймен 10 орынға жайғасты. Ересектер арасындағы әлем біріншілігінде – 8-орын (сәуір, 2009 ж), 9-орын «Төрт құрлық біріншілігі» (ақпан 2009 жыл.), ал 2013 жылы — әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде 4-орын (наурыз 2009 ж), жасөспірімдер арасында «Гран При» сериясы бойынша өткен әлем кубогы кезеңінің 1 орын иегері (қазан 2008 ж.). Биылғы маусымда ересектер арасындағы «Гран-при» сынының қос кезеңіне қатысып, 7 және 10 орындарды иеленді. Әлемдік рейтингте 18-орында тұр. Ең жоғарғы ұпай көрсеткіші – 266,48 (2013 ересектер арасындағы ӘЧ). 2014 жылы Қысқы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды.
3-тапсырма .Ән орындау
Қазақстандық танымал спортсмендер мен әншілердің орындауында «Чемпиондар әні» туралы бейнематериал көріп, спорт туралы әнін тыңдаңыздар.
Сұрақтарға жауап беріңіздер: - Әннің сипаты қандай? - Ән қандай көңіл-күйді жеткізеді
Рефлексия -Мен не білдім?
-Бүгін мен не үйрендім?
-Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?
-Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым.
Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді.
Бейнебаян арқылы танысады.
Әр оқушы өз тапсырмаларын таныстырады және бағалайды