Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу



бет2/11
Дата20.01.2023
өлшемі62,36 Kb.
#62046
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ауызша тапсырмалар
1.Көп нүктенің орнына сандарды, ал жұлдызшаның орнына «+» және «-» таңбасын қойыңдар.
а) (*5) + (*7) = 2; b) (*8) – (*8) = (*4) – 12;
c) (*9) + (*4) = -5; g) (-15) – (*…) = 0;
d) (*8) + (*…) = - 12; e) (*10) – (*…) = 12.
2. Берілген теңдеуге мәндес теңдеу жазыңдар:
а) x – 7 = 5; b) 2x – 4 = 0;
c) x – 11 = x – 7; d) 2(x – 12) = 2x – 24.
Есептер:
1-тапсырма
В деңгейі
793 есеп 13 бет
Теңдеуді шешіп, түбірлерін табыңдар
1) 4х+5(3–2х)=5–11х; 3) 8x+3(7–2x)=4x+3;
2) 19–2(3x+8)=2х–37; 4) 23–4(3x+8)=1–17x.


2 тапсырма
794 есеп 13 бет
Түбірі болмайтын теңдеулерді бір бағанға, түбірі кез келген сан болатын теңдеулерді екінші бағанға жазыңдар:
1) 13+28х=5х+17+23х;
3) 3 /4+2у+5= 2,4/3+4,1+0,9
2) 5–3x+4=17x+9–20x;
4) 9-16у=20-31у+15у


3 тапсырма Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар


1)797 есеп 13 бет
Алғашқыда екі кітап сөресіндегі кітаптар саны бірдей болды. 18 кітапты бірінші сөреден алып, екінші сөреге қойғанда, ондағы кітап саны бірінші сөредегі кітап санынан 3 есе артық болды. Алғашқыда кітап сөресінің әрқайсысында неше кітап болды?
2) 800 есеп 14 бет
Бидай егілген екі алқаптың ауданы 100 га. Бірінші алқаптың әр гектарынан 12 ц-ден, ал екінші алқаптың әр гектарынан 10 ц-ден өнім алынды. Екінші алқаптан алынған өнім бірінші алқаптан алынған өнімнен 18,8 т кем болды. Бірінші егіс алқабының ауданы неше гектар?
3) 801 есеп 14 бет
Күмістің екі қоспасынан үшінші қоспа дайындалды. Бірінші қоспаның массасы 50 г, оның 60%-і таза күміс, ал екінші қоспаның 80%-і таза күміс. Олардан дайындалған үшінші қоспаның 64%-і таза күміс. Екінші қоспаның массасы неше грамм?

4 тапсырма


С деңгейі
807 есеп 14 бет
а-ның қандай мәнінде:
1) 2 ах =5 теңдеудің түбірі болмайды;
2) (3 + а)х = 1 + 4а теңдеуінің түбірі 2-ге тең;
3) (4 + 3а)х = 6 + 5а теңдеуінің түбірі (–3)-ке тең?


Жеке жұмыс.Теңдеуді шешіңдер:
№1. Теңдеудің түбірін табыңдар: 7x=9.
№2. Теңдеудің түбірін табыңдар: y=12.
№3. Теңдеудің түбірін табыңдар: 5(x+12)=0.



Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады


Оқушылар тақырыпқа қатысты есептерді шығарады.


Таңбалар ережесін қолданады.


+(+)=+
-(+)=-
+(-)=-
-(-)=+
(-)*(+)=-
(+)*(-)=-
(-)*(-)=+
(-)/(+)=-
(+)/(-)=-
(-)/(-)=+

Оқулықтан тақырыпқа қатысты есептерді шығарады.


Тапсырманы орындайды





ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Ең үздік жауап»

бір-бірімен жұмыстарын алмасып,өзара бағалау жасайды


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Өзін-өзі бағалау

Жалпы білім беретін мектептің 6–сыныбына арналған оқулық.
Оқулық авторлары: Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов Алматы «Атамұра» баспасы 2018 жыл


Бекіту





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет