Сабақтың тақырыбы Біздің мектебіміз Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет64/76
Дата11.05.2022
өлшемі383,84 Kb.
#33964
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76
Байланысты:
2 5267423448879076674

Ортақ тақырып: Бөлімше:

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

3.1. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Алтын адам» неліктен мемлекеттік символға айналды?

Оқу бағдарламасына

сәйкес оқыту мақсаттары

1.3.1.2 – ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштер/жәдігерлері туралы әңгімелеу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • «Алтын адам» сөзінің мағынасын білетін болады;

  • «Алтын адамның» киімі мен қару-жарақтарының элементтерін атап бере алады.







Көптеген оқушылар:

  • сақ дәуірінің тарихи ескерткіші – «Алтын адамды» сипаттап бере алады;

  • Неге «Алтын адамның» киімі мен қару-жарағында аңдар мен жануарлардың бейнелену себебін талдап әңгімелей алады;

  • «Алтын адам» туралы аңызды мұғалімнің көмегімен ақпараттан тауып оқи алады.

Кейбір оқушылар:

  • «Алтын адаммен» сұхбаттың сұрақтары мен олардың айтуы мүмкін деген жауаптарын құрастыра алады;

  • «Бір тарихи жәдігерге» экскурсия ұйымдастыра алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Сабаққа психологиялық көңіл күй қалыптастыру.
Мұғалім:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бәрің маған қараңдар.

Экскурсия жетекшісі бүгін мен. Бір минутты да жоғалтпай Жолға шығуға шақырам!

Бар білімді жолға ала шық! Күлімдеуді де ұмытпа!



  • Сабақта барлықтарыңның зейінді, тапқыр болғандарыңды, ең бастысы алған білімдеріңді қалай жұмыс

істеуде көрсете алуларыңды қалаймын.
Үй тапсырмасын тексеру.

Сәлемдеседі.

Оң психологиялық көңіл күй қалыптастырады.



Ж. Дәптердегі үй тапсырмасын жұптасып өзара тексеріңдер (А, В1-4, С тапсырмалары).


ҚБ. «Бас бармақ» тәсілінің көмегімен өзара баға беру.










Мақсатты тұжырымдау.

«Тізім» тәсілі.

Бір бет қағаз бен қалам алыңдар, 2 минут ішінде сақтар туралы не

білетіндеріңді жазыңдар. Еске түскен нәрселердің бәрін жазыңдар. Бастаңдар.


Мұғалім: – Жарайсыңдар, балалар! Сақтар тарихынан көп нәрсе естеріңде қапты. Ал қазір геолог ғалымдардың тапқан жәдігерлерін қараңдар:

баскиімі, қаруы, алтындалған ыдыс.


Бұл жәдігерлер Алматыға жақын орналасқан Есік қорғанынан

табылды. Біздің ғалымдар 1969 ж. осы қорғанды қазуға кірісті. Ол ертеректе тоналған екен. Бір

жақсысы тонаушылар оның бір жақ бүйірінде жерленген сақ

жауынгерінің мүрдесін көрмеген. Ол ғылымға «Алтын адам» деген атпен енді. Балалар, бүгін сабақта не туралы айтатын боламыз? Дұрыс.

Біз «Алтын адам» туралы айтатын боламыз.


Ж. Оқушылар тізім құрап, уақыт өткен соң оқиды: Сақтар ежелгі уақытта Қазақстан аумағында тұрған. Томирис – сақ патшайымы. Сақтар Отанын жаулардан қорғаған. Сақтар киімдерінде, әшекейлерінде, қаруларында аңдарды бейнелеген.

Сақтардың артында үлкен қорғандар қалған және т.б.


Мадақтау.



1 бет қағаз

Ортасы

Мұғалім: – Қазіргі уақытта алтын киімді жауынгерді қару-жарағымен астанадағы Президент мәдени орталығының көрме залына

қойылған. Біз сендермен Президент


















мәдени орталығына виртуальды экскурсия жасайық.

Бейнематериалды көріп болған соң балалар оқулық мәтінімен жұмыс

істейді.
Сергіту сәті.

Мұғалім:

Қайталаймыз бірге Көп отырған оқушыға Бой жазу да керек!



(қолдарын иыққа қою, жоғары

көтеру, қайта иыққа, жан-жаққа сосын тағы қайталау).

Мұрынмен терең дем алып Жеңіл көтерілеміз...



(аяқтың ұшымен көтеріліп, қолды жоғары ұстап дем алу, қолды төмен жіберіп, дем шығару).

Тік тұрдыңдар ма?

Арқаны тік ұстап, жауырынды қосыңдар.
Мұғалім:

Ең соңында керіліп, Дем аламыз тереңдеп. Иілеміз.

Күлімдейміз. Отырамыз...
Мұғалім: – Сабағымыздың басында біз Нұр-Сұлтан қаласындағы Президент мәдени орталығының көрме залына экскурсия жасадық.

Сергіту жаттығуын орындайды.

Оқушылар:

Нақты жауап ретінде Бас шайқаймыз: жоқ!



(басты жан-жаққа бұру). Әр кездегідей күлімдеп Басымызбен «Иә» дейміз! (Басты алға-артқа изеу).

Ж. Оқушылар «Оқушы

дәптеріндегі» А. және В.1. тапсырмаларын орындайды. В.1. тапсырмасын орындағанда






Электронды қосымша https://www.youtube.com/ watch?v=IyNFcTZ1IF4 (уақыт бойынша 00:00-

05:10) Оқулық









Мұғалім: – Енді көңілдеріңді оқулыққа аударыңдар. Мәтіннің соңғы абзацында «Алтын адам» қазақ халқының азаттық және еркіндік сиволына айналды

делінген. Ол туралы сендер тақырып мәтінін оқи отырып білдіңдер. Оны қорыту үшін

«Алтын адам» туралы аңызбен танысайық. Аңызда: «...даланы ат үстінен түспейтін сақ деген көшпелі жауынгер ел мекен еткен. Жерін қасық қаны қалғанша қорғап, сол

жолда оққа ұшқан ерлерін қастерлеп, есімдерін өлең-жырға қосып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Қасиетке балаған жерлерін «Туған жер», «Отан» деп құрметтеп, қастерлепті...».


Мұғалім: қазір сендердің өздеріңе экскурсия басшысы болу мүмкіндігі беріледі. Шындығында сенің бір

тыңдаушың-парталас көршің болады. («Мен экскурсия

жетекшісімін» тәсілі).
Ж. Тапсырма: суретке қарап

«Алтын адамның» киімі мен қару- жарағына сипаттама бер.


ҚБ. Өздік тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім:

– Сендер бүгін тағы да экскурсия



оқушылар өздері (не мұғалімнің көмегімен) суретте

не бейнеленгенін: (арқар, бұғы, ілбіс) жазады.


Оқушылар ұстаздың көмегімен

«Алтын адам» туралы аңыздың жалғасын қосымша ақпараттан тауып оқиды. «Туған жер»,

«Отан» деген қастерлі ұғым екенін біледі.



Ж. Тапсырма: суретке қарап

«Алтын адамның» киімі мен қару-жарағына сипаттама

береді.



ҚБ

Оқулық


Қосымша ақпарат







жетекшісінің рөлін атқарыңдар. Әңгімелеушінің рөлін атқарыңдар. Әңгімелеушінің рөлі сендерге ұнады деп ойлаймын. Сендерге қоршаған әлемді танып-білуде ары қарай да табыстар тілеймін. Бір-

бірлеріңе қол шапалақтап, қошемет көрсетіңдер.


«Оқушы дәптеріндегі» В.2 тапсырмасын орындау.

Тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім жұмыстың қорытындысын шығарады:

– Жас көсемнің қабіріндегі «Алтын адам» мен басқа да табылған заттар біздің дәуірімізге дейін Қазақстан жерінде мәдениеттің жоғары

болғандығын көрсетеді. Көсемнің алтындаған қару-жарақтары мен киімдері – нағыз өнер туындылары. Алтын киімді жауынгердің бас-

киіміндегі қанатты және мүйізді тұлпарлар, бейнелер стиль ретінде ҚР Мемлекеттік Елтаңбасында

берілген. Қанатты тұлпарлар

«Алтын адам» бейнесі Қазақстанның ұлттық символдарының біріне айналды. Алматы қаласының орталық алаңында орнатылған Қазақстан тәуелсіздігі монументінде

бейнеленген сақ жауынгері оның негізгі тақырыбы болып табылады.



«Оқушы дәптеріндегі» В.2 тапсырмасын орындайды.



ҚБ. «Қол

шапалақтау»

тәсілінің көмегімен өзара баға беру.

Оқушы дәптері


Оқушы дәптері






Соңы

Мұғалім оқушыларға өзіндік талдау жасап, баға беретіндей шағын сауалнама ұсынады. Оқушылардан өз жауаптарын дәлелдеу сұралады. («Оқушы дәптеріндегі» С.

тапсырмасы).



ҚБ. Сабақтағы өз жұмысыңа талдау жаса. Өз ойыңша дұрыс жауапқа сәйкес келетін дөңгелекті боя.

  1. Мен сабақта жұмыс істедім (істемедім).

  2. Сабақтағы өз жұмысыма көңілім толады (толмайды).

  3. Сабақ мен үшін қызықты болды (қызықсыз болды).

«Оқушы дәптеріндегі» С. тапсырмасын орындайды.
Ж. Оқушылар жұмыстарына талдау жасау мен сабаққа баға беруді көрсететін жауаптарды белгілейді.
ҚБ. Сабақтағы өз жұмысыңа талдау жасайды. Өз ойыңша дұрыс жауапқа сәйкес келетін дөңгелекті бояйды.

ҚБ

Оқушы дәптері



  1. сабақ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет