Мұғалімнің есіне!
Аңыз бойынша, Томирис
парсылармен соғыстан соң, тері торсықты адам қанымен
толтырып, өлген жаулардың ішінен Кирдің денесін тауып, басын шабуға бұйрық береді.
«Кирдің басын көтере ұстаған Томирис қолына қан
толтырылған тері торсықты алып, биік обаны жағалай
тізіліп тұрған барлық массагет жауынгерлеріне:
– Массагеттер! – деп айқайлады. Сендердің
ханшайымдарың сөзінде тұрды. Парсылардың патшасы, сен қанға шөлдеп ең, енді
тойғаныңша іш!Солай деп Томирис Кирдің басын торсыққа салып жіберді».
Бұл – Геродот аңызындағы кек алудың ең бір әсерлі сәті еді, және ең бір шындыққа аса
жанаспайтын тұсы. Геродоттың баяндауы– әдемі аңыз ғана.
Шындығында, парсы патшасы сақтармен соғыста қаза
болғаннан кейін денесі отанына жеткізіліп, Пасаргадағы ата-
бабаларының зиратына
жерленген. «Осы күнге дейін
Томирис туралы аңыз сақталып қалды, бірақ Кирдің мүрдесін
|