Одан соң мұғалім: сөйлемге келісетін оқушыларды сыныптың оң бұрышынан, келіспейтіндерін сол бұрышынан орын алуды
ұсынады (тек өз еріктерімен).
Ал кезектесіп 1-2 сөйлеммен өз көзқарасыңды білдіріңдер.
Мұғалім шағын-пікірталасты қорытындылайды:
Балалар, демалыс немесе каникул уақытында басқа қалаға (аумаққа, ауылға, елге) жолға шығып, біраз уақыт болғаннан кейін мекенжайына қайта оралатын адамды турист деп атайды.
Бұл қорытындыларға оқушыларды «Көзқарасыңды ұстан» шағын-пікірсайыс арқылы әкелуге болады.
ФТ. «Көзқарасыңды ұстан» шағын-пікірталас.
Оқушылар жауаптарының нұсқалары:
Біреулері үйден шыққандардың бәрі туристер деп есептейді.
Кейбіреулері мұнымен келіспейді:
Ал бұл адам басқа қалаға
жұмыспен жолға шығуы немесе мүлдем жаңа жерге көшіп баруы мүмкін ғой.
Турист қандай көлікпен жолға шығады? («Миға шабуыл» тәсілі). Жауаптардың түсуіне қарай мұғалім оларды тақтаға