Басы
7 мин
|
Сәлеметсіздер ме, оқушылар?
(МК, Ұ) Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Бір сөзбен» әдісі
Мақсаты: Білім алушылардың көңіл-күйін, сабақтағы жағдайын анықтау.
Тапсырма: Білім алушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдаңыздар. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік, сенімділік, рахаттану, алаңдау)
(МК, Ұ) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтату.
Жаңа сабаққа кіріспе:
(Т) «Қанқыз» әдісімен 2 топқа (кіріс, шығыс) сөздері арқылы бөліп отырғызу.
Мақсаты: Топқа бөлу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтату.
Тапсырма:
- Қандай топтарға бөліндік?
- Бұл сөздер нені білдіреді деп ойлайсыздар?
- Әр топ өздеріңізге түскен сөздер бойынша сөйлем құрап айтыңыздаршы?
- Сабақтың тақырыбы қандай болмақ?
- Сабақтың мақсатын құрастырып көрейікші
- Отбасылық бюджет дегеніміз не?
Дескриптор
|
Балл
|
Сұрақтарға жауап берді.
|
1
|
Отбасы бюджеті дегеніміз – бұл әдетте кесте түрінде бір айға жасалатын отбасылық кірістер мен шығыстардың есебі, отбасылық баланс.
Сабақты бастамас бұрын оқушыларға бағалау парағын беру.
|
Берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды.
Қанқыз суреттерін таңдайды.
Қанқызды ұшыру арқылы ішіндегі (кіріс, шығыс) сөздері бойынша топтарға бөлініп отырады.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Ауызша мадақтау.
Мұғалім 1 балдық жүйемен бағалайды.
|
(кіріс, шығыс) сөздері жазылған қанқыз суреттері
|