Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет48/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66
Қан айналым жуйесі. Жүйелі жаттығу жүрек өлшемдерінің едәуір өсуіне әсер етеді.Мысалы, Ш.В.Шестаков деректері бойынша,аз уақыт жаттыққан конькимен жүгірушілерде жүректің көлденең ені-12,9см, ұзындығы - 13,8см,көп жылдық жаттығу кезінде бұл көрсеткіштер сәйкесінше -13,7см және 14,8 см-ге жоғарылайды. С.П.Летунов мәліметтері бойынша сол қарыншаның гипертрофиясы конькимен жүгірушілердің 46%-ында, екі қарыншаның гипертрофиясы - 19% ында байқалады.
Жүрек соғу жиілігі конькимен жүгіруде орындалатын жұмыстың қуатына байланысты. Жарыс жүгіру кезінде жүрек ырғағы минутына 180-200 рет соғуға жетеді.
Қан жүйесі. Конькиде тез жүгіру кезінде қандағы сүт қышқылының концентрациясы 200мг%-ға және одан жоғары мөлшерге жетеді, Миогенді лейкоцитоз нейтрофилді фазасымен сипатталады.
Зәр шығару. Зәр қышқылдығы жүгіруден кейін жоғарылайды, зәрде белок пайда болады.
Велосипедшінің қозғалысының құрылысы салыстырмалы түрде өте қарапайым болады. Дегенмен өте жоғары жылдамдық кезінде, соның ішінде тірек оралымдарында қилы – қилы трассаларда координация (бағыт – бағдар) жақсы қалыптасқан болуын керек етеді.
Тірек бойында веложарыстың максимальды қуат (гиты 200 және 500м), субмаксимальдылығы(гит 1000м).
Алаңда өткізілген веложарыс үлкен және қалыпты күш қуат жұмсаумен өтеді. Бірақ жарыс алаңынан рельфі велоспортшының биікке және ойпаңға шығуды орындауына байланысты, бұл кезде велосипедші әр түрі күш – қуат қажет ететін трассадан өтеді.
Алаңда өтетін жарыстың өзіне тән ерекшелігі ескерілуі керек. Мүмкінділігінше пайдаланылатын қуат дұрыс есептелінуі керек.
Сенсорлық жүйелері. Жұмсалынатын бұлшықет күш – қуатты нақты жағдайға байланысты болуы керек. Дененің тепе - теңдігін сақтау және кеңістікті бағдарлау өте қатты жылдамдықпен жүру кезінде қозғалыс функцияларына, вестибулярлық және көру сенсорлық жүйелерге нақты жүк артады.
Бұлшықет жұмыстары. Велосипедшінің аяқ бұлшық еттері жақсы динамикалық жұмыстарды атқарады. Статисикалық қысымның деңгейі спортшының мамандануына педальды айналдыру техникасына байланысты болады.
Велосипедшінің жұмыс қалпы бөксенің бүгіліп еңкеюі, соның есебінен қарсы соғатын ауаның кедергісін азайтады. Жылдамдықты үдеткен сайын ауаның кедергісі көбейеді. Сондықтан велосипедші жоғарыдағы айтылғанды ескеру керек. Бірақ айтылған қалыпты ұзақ мерзімге ұстай тұру өте қатты шаршатады.
Ұзақ қашықтыққа жүгіру кезінде спортшының еңсесі биіктеу, ал жақын қашықтықта сәл аласалау болады.
Тыныс алу. Велосипедшінің жұмыс жағдайында әсіресе, қысқа қашықтықта тыныс алуда кейбір қиындықтар тудырады. Соған қарамастан тыныс алу деңгейі 120-150л/ мин және бұдан да көбірек болуы мүмкін. Оттегін пайдалану 4-5л/мин шамасында болады. Ұзақ қашықтықтарда жылумен жабдықталуы негізінен аэробтық процесс есебінен орындалады. Өте шапшаң қозғалыс кезінде басты міндетті анаэробтық реакция иеленеді.
Тәжірибелі велосипедшілерде негізінен жоғары аэробтық мүмкіншілігі болады. Оларды ӨТС 4,5-5,5л/мин құрайды. Спинер – велосипедшілерде анаэробтық өндіру жоғары.
Қан айналу мүшелері. Жоғары сатыдағы велосипедшілерде ЖСЖ тыныштық кезінде 35-50 уд/мин болады. Ал спринтерлер де, (ұшқыш) велосипедшілерде жоғарыдағы көрсеткіштен бірнеше есе көбірек көрсеткішті көрсетеді. Велосипедпен жүру кезінде жүру қарқынына жердің рельфіне және ауа райының жағдайға байланысты болады. 30-35 км/ сағ тең жылдамдық есебінен алып қарағанда ЖСЖ 120-130 уд/ мин, жылдамдық 45-55км/сағ жүректің соғуы 170-190уд/мин көрсетеді. Көп күндік жарыс кезіндегі мұндай жылдамдық, ЖСЖ трасса бөлігінің 60-80% құрайтын қашықтығында ұсталады. Жылдамдық 50-55км/сағ болғанда жүректің соғуының жиілігі 190-210 уд/мин дейін жетеді.
Велосипедшілердің жұмыс қалпы және статистік жағдайына қарағанда қол бұлшық еттерінің қатты жүктеме көтеруіне орай жүректің жұмысын нашарлатады, сонымен қатар қанның тегіс деңгейде бөлінуін қатты қарайды. Велосипедпен жүру кезінде аяқ бұлшық еттерінің қан мен жабдықталуы дұрыс болуы керек.
Қанның құрамы. Дайындық кезінде, жарыс кезіндегідей оттегіне мұқтаждық қанның құрамында эритроцит және гемоглобин көбеюіне себтігін тигізеді
Шоссе – велосипедші бұл көрсеткіш бойынша ең жоғарғы орында болады, олардың қанының құрамындағы эритроцит саны орташа есеппен 5,3млн. 1мм3, гемоглобин 15-16% шамасында болады.
Бөліп шығару мүшелері . Жарыстан кейін кіші дәреттегі хлорид азаяды, себебі көбісі тер арқылы шығып отырады, заттардың ашымауы көбейеді, кейде белок пайда болады.

Бақылау сұрақтары:


1.Жаттығу процесі нәтижесінде жүгірушіде жүгіру техникасы негізінде жататын жүйке процесінің бір сарынды динамикалық стереотипі.
2. Тәжірибелі велосипедшілердің жоғары аэробтық мүмкіншіліктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет