Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет45/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі:
1.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
2.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
3.Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Қосымша:
1.Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
2.Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
3.Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010
22 Лекция
Сабақтың тақырыбы: Циклді спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы.
Сабақтың жоспары:
1.Жеңіл атлетика түрлерінің физиологиялық сипаттамасы.
2.Коньки тебу спортының физиологиялық сипаттамасы.
3. Велосипед тебу спортының физиологиялық сипаттамасы
Жүгіру — жекелей тірек фазасының ұшу фазасымен кезек алмасуынан тұратын табиғи қимыл.
Қозғалыс техникасы бойынша қысқа қашықтыққа жүгіру күрделі. Әсіресе сөре жылдамдығын алуға үйрету қиын.
Жеңіл атлетті жүгірудің қысқа, орта, ұзақ және өте ұзақ дистанциялары - жоғары, субмаксимальді, үлкен және сылбыр қуаттағы циклді жұмыстарға тән мысалдар. Әсіресе 100 метр дистанцияда — жоғары, 800-1500 метр дистанцияда — субмаксималды, 5000 метр дистанцияда — үлкен, марафондық дистанцияда — сылбыр қуаттағы жұмыстар айқын байқалады. Қалған дистанциялар аралық болып табылады. Жүгіру жылдамдығына байланысты олар әр түрлі қуаттағы жұмыс аймағына кіруі мүмкін. Мысалы, 28-29 минутқа тең нәтиже кезіңдегі 10000 метр жүгіру үлкен қуаттағы жұмысқа жақын. Егер бұл дистанцияны созуға 30 минуттан көп уақыт жұмсалса, онда сылбыр қуатгағы жұмысқа жатады.
Орталық жүйке жүйесі. Жаттығу процесі нәтижесінде жүгірушіде жүгіру техникасы негізінде жататын жүйке процесінің бір сарынды динамикалық стереотипі қалыптасады.
Анализатор. Жарыс жағдайында жүгірушіге қарсыласының әрекетін тез және дәл қабылдауы, спорттық процестің барлық жағдайын және бұлшық еттер күшін дәл реттеуі қажет. Ойлы-қырлы жермен және кедергімен жүгіру кезіңде көру және проприорецептивті талдау қызметі жоғарылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет