Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет47/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
Конькимен жүгіру. 500-3000 метрге конькимен жүгіру субмаксималды, 5000-10000 метрге жүгіру - улкен куаттағы жұмыстарға жатады.
Қимыл аппараты. Жоғары шапшаңдық, тайғанақтау конькидің тірек бетінің аздығы және тұлғаның еңкіш жағдайы спортшының қимыл қызметін күрделендіреді.
Ауа қарсылығын азайту және жамбас сан буынының жазылуын ұлғайту үшін конькиде жүгірушінің тұлғасы көлденең жағдайда болуы тиіс, ол туабітті тік жүру рефлекстерін басуды қажет етеді.
Конькиде жүгірушінің негізгі бұлшық еттері динамикалық жұмыс орындаса да, арқа бұлшық еттері, санды жазатын бұлшық еттері тез жүгіру кезіңде статикалық кернеу жағдайында болады. Конькимен жүгірушіде техниканы игеру үшін және оны жылдам жүгіру кезінде сақтау үшін бұлшық еттер күші жақсы дамуы тиіс. Бұлшық еттің изометриялық күші динамикалық күшінен жоғары. Мысалы, жоғары дәрежелі конькимен жүгірушілердің изометриялық жағдайдағы аяқ бұлшық еттерінің күші 225-340кг, ал динамикалық күші — 200-230кг. Бірақ лабораториялық жағдайда анықталған бұл динамикалық күш конькимен жүгіруші алға қарай жылжу кезіндегі күтпеген 2 есе жоғары (Н.И.Волков, Б.А.Стенин).
Ұзақ дистанцияға маманданатын конькимен жүгірушілерде күш көрсеткіштері спринтерлерге қарағанда төмен.
Конькимен жүгірушінің бұлшық еттері аэробты және анаэробты жағдайда жұмыс жасауға бейімделуі керек.
Анализаторлар. Конькимен тез жүгіру қимыл, кіреберіс және көз анализаторларына жоғары талап қояды. Олардан келген импульстер бұлшық ет тонусының таралуына және тепе-теңдік сақтауды қамтамасыз етеді.
Тыныс алу жуйесі. Жоғары дәрежелі спортшыларда конькимен тез жүгіруде өкпенің ауа алмасуы минутына 180 литрге, оттегі тұтыну — минутына 5 литрге, оттегі қарызы - 8-9 литрге жетуі мүмкін. Газ алмасу ерекшеліктері спорттың басқа циклді түрлеріндегі сияқты, дистанция ұзақтығына және жүгіру жылдамдығына байланысты. Дистанция ұзарған сайын аэробты процестердің мәні жоғарылайды және анаэробты процестердің мөні темендейді.
Оттегі тутыну шегі Б.Салтин және П.ОАстранд деректері бойынша конькимен жүгірушілерде минутына 5,8 литрге жетеді. Бұл көрсеткіш жаттығудың дайындық кезеңінде жоғарылайды. Бұл уақытта оттегі қарызының ең жоғарғы мөлшері бойынша анықталатын организмнің анаэробты мүмкіншілігі жоғарылайды. Мысалы, жоғары дәрежелі конькимен жүгірушілерде дайындық кезеңінің 1-сатысында. (мамыр-маусым) оттегі тұтыну шегінің орташа мөлшері 66,4мл/мин/кг, 2-сатысында (қыркүйек-қазан) - 75,1, 3-сатысында (қараша-желтоқсан) - 76,1, оттегі қарызының орташа мөлшері осыған сәйкес 111,5мл/кг, 132,8 және 137,7 (Н.И.Волков, Б.А.Стенин).
Энергия шығыны. Конькимен жүгіру кезінде жалпы энергия шығыны жұмыс қуатына, қашықтығына, спортшының машықтану деңгейіне байланысты. 500 метрге конькимен жүгіргенде энергия шығыны 45 ккал, 1500 метрге – 80 ккал, 5000 метрге -200 ккал, 10000 метрге – 400 ккал-ны құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет