Сабақтың тақырыбы Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі Қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет1/2
Дата14.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#107211
түріСабақ
  1   2

Сабақ: №60
Күні: 09.11.2020ж
Топ:ЭГД-1-20

№8 Мойынқұм колледжі
Мұғалімнің аты-жөні: Дәнен Толғанай Маратқызы

Сабақтың тақырыбы

Дәрежелік функция, оның қасиеттері мен графигі

Қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

-дәрежелік функция анықтамасын білу және дәреже көрсеткішіне тәуелді дәрежелік функция графигін салу;

Ойлау дағды деңгейі

Білу, түсіну,қолдану

Сабақтың типі

аралас

Сабақтың түрі

дәстүрлі

Алдыңғы білім

Иррационал өрнектерді түрлендіру.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған тапсырмалар

Деректер, ресурстары

Сабақтың басы
І.Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Студенттермен сәлемдесіп, назарларын сабаққа шоғырландыру. Сыныптағы студенттерді түгендеу.
Үй жұмысын тексеру
Кері байланыс:
1) Үй тапсырмасын орындауда қандай қиындықтар туындады?
2) Қиындық туындаған кезеңдерден қандай жолмен шықтыңыз?
3) Тапсырманы толық орындау үшін қандай жұмыс жасау керек?






Сабақтың ортасы
Жаңа материалды меңгертуге студенттерді дайындау

Жаңа материалды хабарлау

Алған білімді бекіту


Сабақтың соңы



ІІ.Жаңа тақырыпты енгізу
Дәрежелік функция және оның қасиеттері
Анықтама. f (x) = βxα түріндегі функцияны дәрежелік функция деп атайды, мұндағы α және β – нақты сандар.
f (x) = xα дәрежелік функцияның қасиеттері:

  1. Егер x айнымалысы тек қана оң мәнді қабылдаса, онда f (x) = xα дәрежелік функциясы да тек оң мәнді қабылдайды. Егер x∈ (0; +∞) болса, онда xα> 0 теңсіздігі орындалады.

  2. Егер f (x) = xα дәрежелік функциясының көрсеткіші α оң болса, онда x> 0 болғанда f (x) функциясы өспелі функция болады. Кез келген x1 және x2 үшін егер α> 0 және 0 <x1<x2 болса, f (x1) <f (x2) теңсіздігі орындалады.

  3. Егер f (x) = xα дәрежелік функциясының көрсеткіші α теріс болса, онда x> 0 болғанда f (x) функциясы – кемімелі функция болады. Кез келген x1 және x2 үшін егер α> 0 және 0 <x1<x2 болса, f (x1) >f (x2) теңсіздігі орындалады.

Студенттердің жаңа тақырыпты игергендігін анықтау мақсатында алған білімдерін белсенді қатыстыра отырып, келесі мысалдар талқыланады.
1-мысал.y = x2 (қызыл график), y = x4 (сары график) және y = x8 (көк график) функцияларының графиктерін қарастырайық.
Берілген функциялардың анықталу облысы: (–∞;+∞).
Берілген функциялардың мәндер жиыны: [0;+∞).
Жұп функциялар, яғни графиктері Oy осіне қарағанда симметриялы.
Функциялардың көрсеткіштері 2, 4 және 8-ге тең, яғни оң сандар. x> 0 болғанда функциялар өспелі болады.



2-мысал. (қызыл график) және (көк график) функцияларының графиктерін қарастырайық.
және функцияларының анықталу облысы [0;+∞), мәндер жиыны [0;+∞).
Функциялардың көрсеткіштері және -ке тең, яғни оң сандар болғандықтан, барлық анықталу облысында функция өспелі.



3-мысал. (қызыл график) және
(көк график) функциялардың анықталу облысы [0;+∞), ал мәндер жиыны (0;+∞).
Функциялардың көрсеткіштері және -ке тең, яғни теріс сандар болғандықтан, онда барлық анықталу облысында функция кемімелі.

V.Жаңа тақырыпты бекіту




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет