Ширату тапсырмасы.
3.2.3.1 (Ұ; Қ) Мəтінді тыңдап, негізгі ойды анықтау.
Мəтінге ат қою.
1. Мəтінді мұқият тыңдайды. Мазмұнына талдау жасайды. Мəтіннің негізгі ойын анықтайды. Мəтінге ат қояды.
(Ө; Қ) Мəтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жазу. Оқушылар мəтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып жазады. Жазған жұмыстарын топта жариялап оқиды.
3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
2. Жұмбақты оқып, шешуін табады: тышқан. Жұмбақты көшіріп жазады. Антонимдердің астын сызады. Қарамен берілген сөздерді сөз құрамына талдып, тиісті белгілермен белгілейді.
Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Орындалған жұмысты өзара бағалайды.
Ой сергек!
Мұғалім өлеңді оқып, қимыл-қозғалыстарды жасап көрсетеді, балалар қайталайды.
Бойыңды сергек тік ұста,
Деміңді ішке тез ал да,
Емін-еркін тыныста.
Сол қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Дөңгеленіп зырласын.
3.1.4.1 (Ұ; Ө; Қ) Тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып əңгіме құрау.
3. Берілген тақырып пен тірек сөздерді оқып, бұл мəтінде не туралы айтылуы мүмкін екендігіне болжау жасайды. Тақырып жəне тірек сөздермен шағын əңгіме құрастырады. (Ө; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау.
Дескриптор:
Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтіннің түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтай алады.
Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
|