Сабақтың тақырыбы Дыбыстардың үндесу Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


(Ұ) Сөздерді салыстырып, мағынасындағы өзгерісті байқату



бет16/71
Дата06.01.2022
өлшемі4,04 Mb.
#15567
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71
Байланысты:
Қазақ тілі 2 т ҚМЖ 130 бұйрық 3 сынып

(Ұ) Сөздерді салыстырып, мағынасындағы өзгерісті байқату.

Ата – ататай, қазақ – қазақша сөздерін салыстырып, оларың

мағынасындағы өзгерістер байқатылады. Ілгеріде игеретін

түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөз жасау туралы

түсінік қалыптасады.

3.3.2.1 (Ұ) Өмірбаян құрылымын талдау.

Өмірбаян құрылымын талдауда төмендегі қадамдар ескеріледі:



1) өмірбаянның жеке адамның атынан жазылатыны;

3) қай жақтан берілетіні;

2) хронологиялық даталардың болуы.

(Т) Өз өмірбаянын айту.

Топтағы оқушыларға өмірбаян құрылымын сақтап, өз өмірбаянын айтады.

(М; Ө; Қ) Өз өмірбаянын жазу. Өз жұмысын тексеру.

Қатемен жұмыс.

Мұғалім тарапынан оқушы өмірбаянын айтуда/жазуда туған жылы мен күнінің болуы, туған жері, отбасы мүшелері, осы

күнге дейінгі өзі маңызды деп санаған хронологиялық

даталарын қамтуы қадағаланады. Оқушылар өз өмірбаяндарын

жазады. Мұғалімнің басшылығымен өз жұмысын тексеріп,

қатемен жұмыс жасайды.

3.1.6.1 (Ұ) Ым-ишара арқылы сезімін білдіру.Туған-туысқандарын қалай жақсы көретінін, сезімдерін қалай білдіретіндерін ым-ишара арқылы көрсетеді.

3.4.2.1 (Ө; Қ) Мəтінді толықтырып жазу. Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау.

16-жаттығу. Мəтінді суреттегілердің атауын қою арқылы

толықтырып жазады. Тышқанның қалай жыл басы болғанын

естеріне түсіріп, əңгімелейді. Қарамен берілген сөздерге назар аудартылып, оларды сөз құрамына талдап, түбірін табады. Өз ой тұжырымдарын жасайды. Жасаған тұжырымдарын оқулықта берілген жаңа ақпаратпен салыстырады.

Оқулықтағы жаңа ақпаратты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет