Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр Əл-Фараби Бөлім: 1-бөлім. Туған жерім аялы алтын бесігім



бет4/12
Дата24.11.2022
өлшемі230,33 Kb.
#52488
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
қмж әдебиетттт

Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Қашықтасың туған жер» өлеңі

Бөлім:

1-бөлім. Туған жерім - аялы алтын бесігім

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Қашықтасың туған жер» өлеңі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

6.1.4.1 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;
6.2.4.1 әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін сипаттайды.
Кейбір оқушылар үшін:
Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.



Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.




Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Өлеңнің «Қашықтасың туған жер» деп аталу себебі неде?
2.Өлеңнің түпкі мағынасы қандай? Неліктен?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет