2023-2024 оқу жылы Сабақтың тақырыбы: «Әкеге-ізет,анаға-құрмет» Сабақтың мақсаты: Қоғамда, ұрпақ тәрбиесінде ананың, әкенің ұлтты тәрбиелеуде әлемдегі болашақты жасаудағы жасампаздық ролін кең түрде насихаттау. Ана туралы, әке туралы аталы сөздерден ғибрат алуға баулу. Оқушыларды өз ата – анасын құрметтеп, ықласпен қарым – қатынас жасауға үйрету.
Армысыздар, оқушылар.
Ата-ана – әрбір адамның қайтып соғар қазығы.Ата-ана бізге өмір сыйлаған,отбасының негізгі діңгегі,бастапқы дәнекері.Ата-ана бізге ең алғаш беретін ақыл-кеңесі қайырымды,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп,шыншыл болуды,әдепті болуды үйретіп және оқу озаты болу үшін жағдайымызды жасап,бақытты болуға жетелейді.Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай тірлік жасамау керек.Ата-анаға деген сүйіспеншілік тек жүректен шығуы қажет. Барлық жақсы игі істердің бастауы,жақсылықтың жаршысы-ана.Анаға деген ыстық сезімді,ыстық ықыласты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Оны тек жүрегіңмен сезіне білуің керек.Ана баланы тоғыз ай көтеріп,толғатып,дүниеге келтіріп қана қоймайды.Бала,бала,бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған да-АНА.
Әке-асқар тау.Отбасында әкенің орны бөлек.Әке-сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін,асырап-бағуға да,жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам.Әке-ұрпақтың панасы,үйдің басшысы,қамқоршысы,әрі тәрбиешісі.Әкені сыйлау,оған үлкен құрметпен,ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.
Жабыққан,сүрінген сәттерде әрқашан жаныңнан табылып,қолтығыңнан демеп,жұбатып,үлкен армандарға жетелейтін,нұрға толы жүрегімен үмітіңді келер күнге жалғайтын да анаң мен әкең.Ата-ананың балаға деген мейірімінде,қамқорлығында,оның келешегінен күткен зор үмітінде ешқандай шек жоқ.Әкең мен анаң саған жер бетіндегі теңдесі жоқ қымбат тарту-өмірді сыйлады,сонымен қатар бақытты бал дәурен балалық,қайғы-қамсыз жастық шақ,алаңсыз оқып,білім алуыңа қолайлы жағдай жасап отыр.Ата-анаң тек әке-шешең ғана емес,екеуі еңбекқор,өз істерінің шеберлері,елдің елеулі азаматтары.Сүйікті Отанға сіңірген ұзақ жылдардағы еңбегі арқасында сый-құрметке ие болған жандар.Ата-анаңның өткен өмір жолын,елге сіңірген еңбектерін танып біл,құрметте! Оларды әрдайым мақтан тұт!
Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауына арналады.
Мәтінді қарап шығу.
1.Постер салу.Екі топ.
Ата-анамыздың бізге айтатын тыйым сөздері: 1)Босағаны керме,отырма.
2)Біреуге жамандық тілеме.
3)Өтірік,өсек айтпа.
4)Түнде үй жинама.
5)Таңдайыңды қақпа.
6)Кісіге саусағыңды шошайтпа.
7)Үйге қарай жүгірме.
8)Үлкеннен бұрын сөйлеме.
9)Үйді айналып жүрме.
10)Есікті қатты жаппа.
11)Түнде ысқырма.
12)Тұзды төкпе,баспа.
13)Салақ болма.
14)Өзімшіл болма.
15)Басыңды шайқама,соқпа.
Ата-ана туралы мақал-мәтел:
1)Баланың бас ұстазы--…...............
2).................. қадірін балалы болғанда білерсің.
10)Әке--- .................... ,
Ана--- ағып жатқан бұлақ,
Бала--- .................... .
11) Әке жүрегі -- ............. үлкен,
Ана жүрегі -- ............. терең.
12)Әкеден -- .............. , анадан -- .............. .
13)Ананың көңілі ................ ,
Баланың көңілі ............... .
14)Қала—халқының салтанаты,
Бала--- .................. қолқанаты.
15)Әдепті бала ата-анасын .................. ,
Әдепсіз бала ата-анасын ................. .
Ата-ананы сыйлау парызымыз. Алла-тағала былай бұйырады: “Күнәлардың ішінде бір күнә бар, менің жанымдағы ең үлкен және ауыр күнә ол әке-шешесі баласын шақырған кезде, әміріне мойынсынбау, келмеуі. Әке –шешесі баласын шақырған кезде қандай жұмыспен айналыссаң да олардың әміріне жүгіну керек. Әке-шешең саған ашуланып айқайласа да, сен оларға еш нәрсе айтпа. Әке- шешеңнің дұғасын рахыметімен батасын алғыңкелсе, саған берген міндеттерін жылдам және жақсылып істеуге тырыс.Сенің бұл ісінің олардың көңілінен шықпай, саған теріс дұға етулерінен қорық. Ата-анаң сырқат болса, олармен бірге бол, жәрдем ет. Оларды ренжітіп теріс дұғаларын алсаң дүние және ақиреттік жаза болады. Сондықтан олардың тірі кезінде қадірін біл. Пайғамбарымыз (с,ғ,с) өзінің бір хадис шарифінде “Жәннат-аналарадың аяғының астында” деп бұйырған. Ендеше ата-ананың парызын ақтау ісіне дін деңгейінен қарамасақ та адамгершілік, ақыл-парасат биігінен қарайықшы. Бала жеміске, ата –ана жеміс ағашына ұқсайды. “Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де тәтті, дәмді жақсы болады. Сол сияқты ата – анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны” деген екен. ХІ ғасырда өмір сүрген “Қабуснама” кітабының авторы Кейқауыс.
Қорытынды сөз: Енді сендердің қазіргі уақыта ата-аналарыңызға жасайтын жақсылықтарың ата-аналарыңның тілін алып, оларға көмектесіп, сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болып жүрсеңдер ата-аналарыңның мерейі өсіп, оның өз ортасында еңсесін көтеріп жүруге көмектесе аласыздар. Егер тәртіпсіз айтқан тілді алмай, бәрі керісінше болса онда ата-аналарыңның көңіл күйлері ылғи төмен болып, сендердің оғаш қылықтарыңа ұялып айналасандағы адамдарға қарауға ұялады. Дүние кезек екен балалар сендер де жас болып тұрмайсыңдар. Әке-шешеңе не істеген болсаң, алдыңа сол келеді.Сондықтан да ата-ананы сыйлау әрбір адамның міндеті.