Белсенді оқу әдісі: «Сиқырлы сандықша»
Оқушылар мұғалім алдында тұрған сандықша ішінен қағаз қиындыларын алады, қағаздағы теңдеуге байланысты график түрін анықтайды, сол бойынша 3 топ құрылады.
І топ:
«Парабола»
|
ІІ топ: «Гипербола»
|
ІІІ топ:
«Шеңбер»
|
у = х2-4х +3
|
|
х2+у2=16
|
у = -3х2+2х +5
|
|
(х+3)2+(у-1)2=9
|
у = 2х2-4х +5
|
|
х2+у2=36
|
у = -х2+7х -12
|
|
(х+1)2+(у-3)2=4
|
ҚБ: Мұғалім мадақтауы «Керемет!», «Жарайсыздар!», «Өте тамаша!»,т.с.с.
|
кеспе қағаздар
|
Сабақтың ортасы
4– 7 мин
7– 10 мин
10– 20 мин
20– 22 мин
22– 27 мин
27– 37 мин
|
Жеке жұмыс
Бағалау критерийі:
Ойлау деңгейлерінің дағдылары: білу, түсіну.
Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету
Белсенді оқу әдісі: «Допты лақтыру»
Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушылар бір-біріне допты лақтыру арқылы бірнеше сұрақ қояды.Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса , допты басқа оқушыға береді.
1.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу дегеніміз?
Жауабы: Екі айнымалысы бар теңдеуде айнымалылардың дәреже көрсеткіші немесе бір қосылғыштағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы 1-ден артық болса, олар екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу деп аталады.
2. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің дәрежесі дегеніміз?
Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудегі бірмүшелердің ең жоғарғы дәреже көрсеткіші осы теңдеудің дәрежесі болып табылады.
3. х(х+y2)=х+1 теңдеуінің дәрежесі?
Жауабы: үшінші
4.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің шешімі дегеніміз?
Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді дұрыс теңдікке айналдыратын айнымалы мәндерінің реттелген жұптарының жиыны.
5. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі дегеніміз?
Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі деп координаталары осы теңдеудің шешімдері болатын нүктелер жиыны аталады.
6. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің графигі (шешімі) Жауабы: қисық сызық
ҚБ: Смайликтер арқылы өзін-өзі бағалау (өте жақсы, жақсы, орташа)
Достарыңызбен бөлісу: |