5-бөлім. Мұхит –тіршілік мекені. Әбдіжәміл Нұрпейсов «Қан мен тер»
Педагогтің аты-жөні:
Муканова Д.А.
Күні:
6.12.2022сж.
Сыныбы: 10
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Ебейсін қыстауы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
10.1.2.1. мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру
10.2.6.1.әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шарты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру
Көпшілік оқушылар үшін: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шарты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру
Кейбір оқушылар үшін: сыни ойлай біледі.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.
Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.
1 топ: Кітап
2 топ: Дәптер
3 топ: Қаламсап
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.