Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
1-тапсырма.
Оқулықта берілген 4-есепті орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
Ауызсуда жалпы токсиндік және наркотикалық әсері бар заттардың ізі табылды. Осы затқа сандық және сапалық талдау жасау негізінде оның фенол туындысы екені және ондағы элементтердің массалық үлесі: С 55 Н 4,0 О 14,0 , СІ 27 тең екені анықталды. Заттың молекулалық формуласын анықтайды. Оны теңестіру реакциясын құрастырады, бұл заттың ортаға түсуінің мүмкін себептерін көрсетеді.
|
Дескриптор: Жалпы – 5 балл.
-Сұрақтарға жауап береді.
- есепті орындайды.
|
Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
|
|
2-тапсырма.
Оқулықта берілген 5-есепті орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
Кейбір орман өндіріс шаруашылығында ағаш кесу мынадай жолмен жүргізіледі: әрбір 10 немесе 12 жылда барлық діңгектердің жалпы массасының 8-10 -ін кеседі. Және кесу жұмысын қыста қалың қарда жүргізуге тырысады. Ағаш кесудің осындай тәсілі неліктен орман жеңіл түрі болып саналады?
|
|