Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
1-тапсырма.
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
1. Ғаламдық жылыну ұғыына анықтама береді.
2. «Ғаламдық жылынудың салдары» ұғымын түсіндіреді.
3. Қоршаған ортаға климаттың әсерін әңгімелейді.
4. Күн белсенділігінің өзгеруін талқылайды.
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
- Тапсырмаға анықтама береді, түсіндіреді.
-Сұрақтарға жауап береді
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
2-тапсырма.
Оқулықта берілген білу және түсіну айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. ҚР аймақтарын мысалға алып, соңғы 10 жыл аралығындағы ауа райы температурасы қаншалықты көтерілгенін сұлба түрінде көрсетеді.
|
Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
- Сұлба дайындайды
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
3-тапсырма.
Оқулықта берілген қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Қазба отындарын жағу мен цемент өндіру кезіндегі СО2 эмиссиясын сипаттайды.
2. Қатты аэрозольді бөлшектер мен күйе сызнұсқасын түсіндіреді.
|