Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
10 минут
Бекіту
10 минут
Кері байланыс
Сабақтың соңы
10 минут
|
Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Түгелдеу
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Сабақ мақсатын және оқыту мақсатын жариялау.
Үй тапсырмасымен жұмыс.
«Электр өрісі» тарауын қайталау.
Түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтары
1.Электр өрісі деген не? Қасиеттері
2.Кулон заңын тұжырымдаңдар
3.Потенциал, электр өрісі жұмысының формулалары
4.Конденсаторлар деген не?
Үй тапсырмасын тексеру./ауызша/
Электр сөзі қай тілден алынды?
Электрон заряды қандай?
Атомның құрылысын зерттеген ғалым?
Зарядтардың неше тегі болады?
Электриктер деп нені айтады?
Электр тогын өткізетіндерге мысалдар келтір?
Қандай зарядтар бір-бірінен тебіледі?
Мұғалім оқушыларға түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтарын өткен тақырыптар бойынша бойынша береді.
Мұғалім әр оқушының жауаптарына мадақтау сөздерін айтады
Жұптық жұмыс. «Жалғасын тап»
Шағын топтың ішіндегі белсенділігі төмен оқушыны белсенділігі жоғары оқушымен жұптастыруды стикерлер көмегімен ұйымдастыру.
Оқушыларға «Өздік жұмыс» арқылы есептер шығарту, «Орман өсіру» метафорасына сәйкес тапсырманы орындату. Қажет болған жағдайда «Дос көмегі» әдісін қолдану,
Есептер
Ток көзі ішінде 10Кл зарядты бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30Дж жұмыс атқарады. Тоқ көзінің ЭҚК-і неге тең?
Екі нүктенің потенциал айырмасы ∆φ = 25 В. Осы нүктелер арасында q = 10 Кл зарядтың орын ауыстыру жұмысы неге тең?(250Дж)
Нүктелер арасындағы потенциалдар айырмасы ∆φ = 100 В, А =400 Дж энергия жұмсағанда, осы нүктелер арасында орын ауыстыратын заряд неге тең? (4Кл)
Ток көзінің ЭҚК-і 250Дж-ға тең, заряды 20нКл зарядты бөлгенде бөгде күштердің жасаған жұмысы неге тең?
Потенциалы 20 В нүктеден потенциалы 0 В нүктеге 2 Кл заряд орын ауыстырғандағы электр өріс күштерінің жұмысы неге тең? (40Дж)
Резервтік тапсырма: жұптық жұмыста логикалық сұрақтарға жауап береді
Тақырыпқа байланысты жұптық жұмыста орындалатын логикалық сұрақтар
Тізбекте ток жүріп жатқанын немесе жүрмейтінін қандай белгілері арқылы анықтауға болады?
Зарядталған электроскоптың кішкене шарына қол тигізу арқылы разрядтаған. Осы кезде электроскоптың өзегінде ток жүреді деп айтуға бола ма?
Аккумулятор мен гальвани элементінің айырмашылығы неде?
Ток көздері энергиялардың қандай түрлерін электр энергиясына айналдырады?
Ток көзі қандай қызмет атқарады? Тоқ көзінің ішінде қандай жұмыс жасалады? Қандай энергия есебінен?
Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар
Сынып ішіндегі барлық оқушылардың деңгейлік тапсырманы орындауын қадағалау. Әсіресе мұғалімнің назарында А, В, С деңгейіндегі оқушылардың оқу әрекетін бақылау.
Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
1.Егер бөгде күштер 10 Кл электр мөлшерін ток көзінің бір полюсінен екінші полюсіне ауыстырғанда 30 Дж жұмыс жасаса, онда ток көзінің ЭҚК-і қандай болады ? (1 ұпай)
2.Аккумулятор мен гальвани элементінің негізгі айырмашылығы неде ? (1 ұпай)
ІІ деңгей
1.Егер мыс сымдарын көкөніске (картоп, пияз, сәбіз) немесе жеміске сұғып қойса, одан гальвани элементін алуға бола ма?
2.Заряд бір нүктеден екінші нүктеге дейін орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1 кВ өрісте 400 мкДж жұмыс атқарды. Заряд неге тең ?
ІІІ деңгей
1.20 нКл потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істеді ?
2.Мыс өткізгіштің екі ұшын бірдей күкірт қышқылының судағы ерітіндісіне батырса, онда электр тогы жүре Кері байланыс
БҮҮ кестесін толтыру
|