а) Оқушыларды саяси саналылыққа ,достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
ә) Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру.
б) Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету. Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.
1-топ
2- топ
3- топ
«Ойқозғау» стратегиясы
Ойашар:-Балалар, біз қандай мемлекетпіз?-Еліміздің тұңғыш президенті кім болды?-Қазіргі таңда елімізде бірнеше өзгерістер болып жатыр. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев мерзімінен бұрын өкілеттілігін тоқтатты. -Ендігі елді басқару ісі уақытша Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа бұйырды.Сондай-ақ елордамыз Астана қаласының да атауы өзгертіліп, Нұр-Сұлтан деп аталды.
ІV.Топтық жұмыс:
1-топ: «Қазақ жері»(топтастыру жұмысын жүргізеді)
2-топ: Суреттер сөйлейді: «Тәуелсіз ел» (пазлдармен суреттер құрастырады, сурет мазмұны бойынша өз ойларын айтады)