Шығармашылық жұмыс (Постер құрау, хат жолдау)
1 - топ: «Желтоқсан»
2 – топ: Елбасына құттықтау хат жолдау
Бекіту: Сонымен балалар бүгін біздер не жайлы айтайық?
- Біз қай мемлекеттің азаматымыз?
- Ұлтымыз кім? - Тіліміз қандай?
- Республикамыз басқа елдерден несімен ерекшеленеді?
- Тәуелсіздік деген не?
- Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
Биыл Тәуелсіздікке неше жыл?
Сабағымызды қорынтыдылау үшін стикерге сабақтан алған әсерлеріңді смайлик арқылы бейнелеп ағашқа жыбыстырсаңдар.
Қорытынды
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9 - желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі - сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.
Хор: Көк тудың желбірегені
Достарыңызбен бөлісу: |