ІІІ Түсінік тексеру: Ертегілерде нелер баяндалады?
Ертегілер бізге қалай жеткен?
Ертегілердің қанша түрі бар?
Хайуанаттар туралы ертегілер деген не?
Қиял-ғажайып ертегілер деген не?
«Ер Төстік» ертегілердің қай түріне жатады?
Ертегінің қандай керемет ғажайыптарын аңғардың?
ІV Сөздікпен жұмыс: Матау – қатты байлау, бекіту. Мысалы, «түйені матап тастады».
Матаулы – матап байланған, бекітулі.
Жұт жылы – қыс қатты болған жылдары аштықтан, суықтан малдың қырылуы.
Күлдіреуіш – шаңырақтың ішіндегі айқастырып бекітіліп, түйісетін шыбықтары.
Тарғақ – далалы, шөлейтті жерлерде болатын кішкене, сұр түсті құс.
Өрмек – алаша, шекпен тоқу үшін қазыққа керіп, желісі жерге реттеліп тартылған тоқыма құралы.
Тебен – ұзын, жуан ине, жуалдыз.
Бақыр – сұйық зат құю үшін жасалған тұтқасы кішкене ыдыс.
Ас – өлген адамды еске түсіріп, құрметтеу салтында берілетін дәм; түрлі рәсімдер жиыны.
Қылбұрау – қинау, жазалау кезінде санды, тақымды буып, азаптайтын қылдан есілген арқан.