Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ұлпан»романындағы Ұлпан бейнесі Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



бет6/6
Дата10.03.2023
өлшемі96,36 Kb.
#72959
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Конверттегі эпизодтар:
1. Баласы атқа қонып,жүруге ыңғайланып,тізесін қымтай бергенде,Ұлжан өзінің үлкен ақ саусақтарын жирен аттың жалына салды. Бір нәрсе айтатын сияқты.Абай осыны аңғарып,анасының жүзіне қарағанда,Ұлжан бұған біраз көз салып тұрып:
--Балам,үлкендер бірде тату,бірде араз бола беретін.« Күндестің күлі де күндес»дегенді сен білмей-ақ қой.Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер.Бір кезде жақсы жақының еді.Кім тентек,кім мақұл?Қайдан білдің?Әкең дұшпан десе,сен әділ бол! Жамндыққа кім табылмайды дейсің,жанашырдан айырылма!-деді.
2. Айсәуле ананың монологы :
Қойнымда-күйеуім,бауырымда-ұл-қызым,төбемде қара шаңырағым,қазаным-булы,жөргегім-сулы,азғантай мәпақамның иісін күңірсітіп бас аман отырғанда неге ғана жоқтан өзгеге ренжіп,неге сонша тұлынымды түттім екен деп өкінемін.Сөйтсем,атажан,адамның басындағы бақыт деген де есіктің алдындағы аузына тепсең де үндемейтін қой төбеттей қашан қораңа қасқыр шауып,қойыңды алдырғанша қадірін біле қоймайтын өте бір елеусіз нәрсе екен ғой.



  1. -Әй, қыздар,тоқтаңыздар,аттарыңыздың басын тартыңыздар.Жоғарыдан бірқатар аттылар келе жатыр,алдынан кесе-көлденең өтпейік,үлкен кісілер болса,батасын алып,алғысына бөленейік.Атты кісілер алдымыздан кесіп өтсін.Содан соң жүрсек те ауылымызға жетерміз,-дейді Данагүл.Қызыл-жасыл киінген қыздар жол кеспей,иіріліп тұрып қалды.Топ алдындағы Төле би мұны алыстан көріп,байқап келе жатады.




  1. Бір кезде әр түрлі себептермен бай Есенейді,би Есенейді паналап келіп,аяғында оның малшысы,сауыншысы болып қазанына қарап қалған қарашы деген ол бір өткен заманның сарқыншағы еді.Ұлпанға ол түсініксіз нәрсе.Құлдық емес,емес те емес.Бай адамның айналасы осынша кедей,көзінен сорасы аққан сорлы бола ма екен?Өзгесін былай қойғанда,Есенейдің аулы дейтін санатқа қосылатын қырық үйлі қарашының қайыршыға айналып бара жатқанына ұялу да керек емес па?Осыдан екі-үш күн бұрын қойдың жүн-жұрқасын,жылқының қыл-қыбырын қолды-қолға таратып бергенде,Ұлпан осыған намыстанып,осыған ызаланып еді.Бүгін соның түп-тамырына көзі жеткендей қуанды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет