Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика


Кіріспе тапсырма. «Кімдікі дұрыс?»



бет104/143
Дата21.09.2023
өлшемі29,11 Mb.
#109393
түріСабақ
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   143
Кіріспе тапсырма. «Кімдікі дұрыс?». Оқушыларға фотосуреттерге қарап, сұрақтарға жауап беруді тапсыру.
-Денені не қозғалтады? (Күш.)
-Күш денелердің қозғалысына қалай әсер етеді? (Кейде көмектеседі, кейде кедергі келтіреді, бірақ жылдамдық әрдайым өзгеріп тұрады.)
-Фотосуреттерде көрсетілген денелердің қозғалысына әсер ететін күш қандай өзара әрекеттестіктің нәтижесінде пайда болады? (Денелер жанасады, олардың беттері бір-біріне үйкеледі.)
Сол кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталатынын айту. Себебін анықта. Әртүрлі жазықтыққа қарауды тапсыру: парта, дәптер мұқабасы, өшіргіш, алақан.
-Олар сырттан қалай болып көрінеді? (Алақан мен өшіргіш – жарғақ, қатпарлы, парта мен мұқаба – тегіс.)
Жоғарыда аталған заттардың беттерін қолмен сипап өтуді және алақандарды бір-біріне үйкеуді тапсыру.
-Бұл жазықтықтар қандай? (Барлығы кедір-бұдырлы.)
Оқулықтағы суретке назар аударту.
-Неліктен біз оларды ылғи көрмейміз? (Олар ұсақ. Бірақ оларды үлткейткіш әйнекпен көруге болады.)
Әрекет.
-Қайсыларың велосипед немесе самокат теуіп көрдіңдер?
-Сендер оны қалай тебесіңдер? (Велосипедтыңпедальдарын айналдыру керек, ал самокат тепкен кезде жерден әрдайым итерілу керек.)
-Егер оны істемесе не болады? (Денелер тоқтайды.)
-Неге? (Үйкеліс күші әсер етеді.)
-Бұл күш қозғалысқа қандай әсерін тигізеді? (Кедергі келтіреді.) «Пікірталас»тапсырмасындағы адамның банан қабығынан сырғанап құлап жатқаны бейнеленген суретке қайта келіп, сұрау:
-Егер үйкеліс күші қозғалысқа бөгет болса, неге адам қозғала бастайды? (Үйкеліс күші әлсіз.)
-Егер үйкеліс күші қозғалысқа кедергі келтірсе, онда ол қайда бағытталған? (қозғалысқа қарама-қарсы.)
Тәжірибе жаса. Оқушыларға қарындашты кітаптың үстіне оның түбіртегіне параллель қоюды тапсыру. Содан кейін кітаптың жоғарғы шетін жайлап көтеру.
-Не болып жатыр? (Қарындаш қозғалмайды.)
Қозғалмай тұрған, яғни, тыныштықта тұрған қарындашқа тыныштық үйкеліс күші әсер етіп тұрғанын айту. Одан жоғары көтеруді тапсыру. (Қарындаш төмен қарай сырғанай бастайды.)
Кітапты сәл еңкейтіп, сол күйде ұстап тұрып, қарындашты қайтадан қоюды тапсыру. (Қарындаш қайтадан қозғалмайды.)
Кітапты саусақпен шертуді тапсыру.
-Нені көріп тұрсың? (Қарындаш төмен қарай сырғанайды). Қарындаш сырғанайды, демек пайда болған күш сырғанау үйкеліс күші деп аталады. Сосын қарындашты көлденең қоюды тапсыру.
-Не болып жатыр? (Қарындаш домалайды.) Бұл домалау үйкелісі.
-Үйкеліс қандай болады? Суреттерге назар аудару. Әрқайсысындағы үйкелістің түрін анықтауды тапсыру. (Біріншісі – тыныштық, екіншісі – сырғанау, үшіншісі – домалау.)
-Қай суреттегі құбылыс оқушылардың түсінігіне ауыр тиеді? (Біріншісіндегі).
-Қалай ойлайсың, неге? Тыныштық үйкелісін басқаларымен салыстыру. (Тыныштық үйкелісі ең көп.)
-Қандай үйкеліс күші қозғалысқа ең аз әсер етеді? (Домалау.)
Күштерді өсу ретімен орналастыру. (Домалау, сырғанау, тыныштық.) Зертте. Оқушыларды шағын топтарға бөлу.
-Тәжірибеде нені өзгертуге болады? (Массаны, бетті, тақтайдың көлбеулену бұрышы).
Тәжірибе саны бойынша үш жұмыс аймағын құруға болады. Әр топқа қажетті ресурстар дайындау: тақтайлар, ойыншық машиналар, жазықтықтар, текшелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет