1-топ оқушыларына 4 сызғыш (ағаш, пластмасса, темір,әйнек)беріледі.
2-топ оқушыларына 4 стақан (фарфор, пластмасса, пластик, әйнек, ағаш) беріледі.
Топтарға -Бұл денелер қандай заттардан жасалынған? деген сұраққа жауап беру үшін осы денелердің қандай заттан жасалғанын топта талқылап, сызба жасау және зерттеу жұмысы бойынша қорытынды жасау тапсырмасы беріледі.
Оқушылардың жауаптарын кезекпен тыңдап, талқылау. 3- топоқушыларына пластмасса және 4-топ оқушыларына темір беріледі.
Топтарға –Бұл заттан қандай денелер жасалуы мүмкін? деген сұраққа жауап беру үшін осы денеден қандай заттар жасалынуы мүмкін екенінтопта талқылап, постер жасау және зерттеу жұмысы бойынша қорытынды жасау тапсырмасы беріледі.
Оқушылардың жауаптарын кезекпен тыңдап, талқылау. (Қ)Қорытынды:Бір дене әр түрлі заттан жасалуы мүмкін және бір заттан әр түрлі денелер жасалуы мүмкін.
(Т)«Топтастыру» стратегиясы 4-топқа суреттер таратып беріледі. Суреттердегі заттардың белгілері бойынша топтастыру ұсынылады.Оқушылар топта ақылдаса отырып, суреттердегі заттарды табиғи денелермен жасанды денелер деп бөлуі мүмкін.Айналадағы заттарға назарын аударту.
-Балалар, суреттегі заттарды бойынша екі топқа топтастыра қойыңдар.
-Қандай екі топ шықты?
-Балалар, айналамызда қандай денелер көбірек?
-Жасанды денелерді кім жасайды?
-Оларды жасау үшін қандай табиғи заттар қолданылған?
(Қ)Қорытынды:Денелер табиғи және жасанды болады.Жасанды дене адамның өз қолымен жасалған. Проблемалық сұрақ: -Барлық суреттерді қосып, тағы мұқият қарап шығыңдар.Бұл суреттерден қандай басқа екі топ құруға болады?
/Оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру/
(Қ)Қорытынды:Табиғаттағы денелер жанды және жансыз болып бөлінеді.
(Т,Қ,Д)Зерттеу жұмысы Мақсаты:Заттарды агрегаттық күйі бойынша ажырату. Оқушыларға тас, су және үрленген шар беріледі.
Оқушыларға –Бұл заттардың күйі қандай?- сұрағына жауап беру үшін заттарды зерттеп, ерекшеліктерін анықтау ұсынылады.Оқушылар тас -қатты, су- суйық ал шардағы ауа - газ екенін тұжырымдау керек.