Пән: ғылымға кіріспе
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2бөлім:Тірі табиғат. Адам.
|
Мектеп:
|
Мерзімі
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:3
|
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Біз қалай тыныс аламыз?
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
3.2.3.3 Тыныс алу жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау.
|
Сабақ мақсаттары
|
Тыныс алу мүшелерін білу.
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы
-тыныс алу жүйесін атайды.
-тыныс алу мүшелерінің ролін сипаттайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тыныс алу мүшелерін үш тілде атау арқылы сөздік қорларын молайту.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Денсаулықты сақтау туралы түсініктері кеңейеді.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану, математика пәндерімен байланыс жүзеге асады.
|
АКТ
|
Тыныс алу мүшелері туралы суреттер, бейне көріністер көрсетіледі. Ойын «Дұрыс орналастыр»
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Адамның ішкі мүшелері туралы білді.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
(Ж, Ұ) Жұпта бірге келесі сұрақты талқылау: Біз қалай тыныс аламыз? Тыныс алуға қандай мүшелеріміз қатысады? Олардың ұсыныстарын талқылап, аталған мүшелердің нобайын салу. Тақтаға немесе плакатқа тізімін жазу.
Үш тілде айтып үйрену.
|
Маркер, плакат
|
Сабақ ортасы
30 минут
|
(МК,Ұ) Әрбір мүшені кезекпен қарастыру.
Тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі — өкпе (тыныс алу жүйесі) – олардың қарапайым құрылысын көрсететін суреттер немесе бейне клип қарау. Олардың әрқайсысының түрін талқылау. Әр мүшені сипаттайтын сөздердің тізімін жазу.
Тыныс мүшелері мұрыннан басталады . Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны — өкпе альвеолалары.Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі — өкпе.Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар — тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерінен сақтау үшін жылытылады.
(Қ) Тыныс мүшелерін атаңыз және жазыңыз.
|
Суреттер және үш тілде жазылған сөздер.
https://www.youtube.com/watch?v=pzMbnRK2Wps
жұмыс парағы – тыныс алу мүшелерінің атауы және құрылысы
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Рефлексия.
(Ө,Қ) Тыныс мүшелерін анықтап және олардың түрі мен қарапайым қасиеттерін сипаттап жұмыс парағын толтыру.
|
|
|