Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика



бет98/143
Дата21.09.2023
өлшемі29,11 Mb.
#109393
түріСабақ
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   143
Байланысты:
ҚМЖ жаратылыстану (3 сынып)

(Ұ)«Бірге зерттейік»
Мақсаты: серпімділік күшін анықтау, тұжырымдама жасай білу, ой қорыту.

Мұғалім серіппені қолмен тартып, одан кейін оны бос жібергенде, оның қайтадан бастапқы қалпына келетінін көрсетеді.





  • Не байқадық?

  • Серіппеде қандай өзгеріс болды?

  • Бірінші тәжірибемен қандай ұқсастық пен айырмашылықты байқадық?

/Резинадан жасалған ойыншық, доп және серіппе де бастапқы қалыптарына келді/.
-Ендеше, бұл күш қалай аталады деп ойлайсыңдар?
/Серпімділік күші/

  • Серпімділік күшіне қандай анықтама келтіруге болады?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Бастапқы болжаммен салыстырады/.
(Ұ) Анықтама:
Серпімділік күші (Сила упругости) — деформацияланған дененің ұзаруына пропорционал және деформация салдарынан дене түйіршіктерінің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталған күш.
Басқаша айтқанда, дене деформацияға ұшыраған кезде денеде белгілі бір күш пайда болады, сол күш әсерінен ол өзінін пішінін және бастапқы күйіне қайта келуге тырысады. Бұл күш атомдар мен молекулалар арасындағы электромагниттік әсерлесудің нәтижесінде пайда болады.
Дәл сол күшті-серпімділік күші деп атайды.



(Ұ, Ө) Кестемен жұмыс.


Мақсаты: ақпаратты есте сақтауын дамыту.



Серпімділік күшін анықтаған ғалым

Серпімділік күші дегеніміз не?
(анықтама)

Серпімділік күші
(жинақтаған ақпарат бойынша тұжырым жасау)










/Оқушылар өзара кестелерін ауыстырып, 1-2-ші баған бойынша дұрыс жауаппен тексеріп, «+», «-» әдісі бойынша бағалайды, кері байланыс жасалады. Үшінші бағаны толытырылмайьтыны айтылады/.


(Ө, Ұ)Салыстыр.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту.
Оқушыларға ермексаз (жұмсақ болу керек) және резинкадан жасалған доп таратылып беріледі.
Тапсырма:
Бір қолына ермексаз, екінші қолына допты алып, алақанмен заттарды қысуларын сұрайды.
-Не байқадың? Денелерде қандай өзгеріс болды? Неліктен?
- Серпімділік күші қай денеде орын алды?
/Оқушылар доптың өз қалпына келгендігін, ал, ермексаздың піщшіні өзгеріп, бастапқы қалпына келмегендігін және оның себебін дәлелдейді/.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет