Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика



бет105/143
Дата21.09.2023
өлшемі29,11 Mb.
#109393
түріСабақ
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   143
Байланысты:
ҚМЖ жаратылыстану (3 сынып)

Зерттеу жүргізу.
-Өз тәжірибеңде нені өзгертесің?» (Ойыншық машиналар жүріп өткен қашықтықтар.) Әр топқа тәжірибе жүргізу жоспарын құруды тапсыру.
Бірінші топқа. Тақтайдың шетін текшеге қою. Машинаны тақтайдың жоғарғы шетіне қойып, жылжыту. Тоқтау нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшеу. Тәжірибені басқа машиналармен жүргізу.
Екінші топ. Тақтайдың шетін текшеге қою. Үстелдің бетіне жазықтық болатындай затты көлбеу орнатe. Машинаны жіберіңіз. Тоқтау нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшеe. Тәжірибені басқа машиналармен жалғастырыңыз.
Үшінші топ. Тақтайдың шетін текшеге қою. Машинаны жіберу. Тоқтау нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшеу. Текшелерді бір-бірінің үстіне орналастыра отырып,үш тәжірибе жасау.
Қорытындыны жазу,ал тәжірибенің суретін зерттеушінің дәптеріне салу.
• Тәжірибе жүргізу жоспарын оның іс жүзіндегі өту сипатымен салыстыру.
Түрлі топтар зерттеулерінің нәтижелерін талқылау. Берілген жұмыс оқушылардың жоспар құрып, тәжірибе жүргізу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.Оқушылар үйкеліс күшінің түрлі параметрлерге байланыстылығы туралы өз болжамдарына дәлелдемелер келтіре алады.
Ойлан.
-Оқушылардан сұраңыз, денелер тек қатты жазықтықтар үстімен ғана емес, су мен ауада қозғала алады ма? (Иә, ұшақтар, су асты қайықтары, құстар.)
-Бұл денелердің пішіндерінің арасында ортақ нәрсе бар ма? (Олардың барлығы тегіс, сүйірленген.)
-Қалай ойлайсың, неге денелер осындай дөңгеленген, сүйір пішінге келтіріледі? (Ауа мен су олардың қозғалысына кедергі келтірмес үшін.)
-Сен білесің бе? Оқушылардан сұраңыз,олар ежелгі адамдардың отты қалай тапқанын біледі ме? (Таяқшаның соңын тақтайға тіреп бұраған.)
-Алақандарды бір-біріне тез үйкеуді тапсырыңыз.Не сезесің? (Алақандар жылы.)
-Олар өте ыстық болуы үшін не істеу қажет? (Өте тез үйкеу.) Ағаш кесетін араның не бұрғының қызуы туралы мысал келтіруге болады. Үйкеліс денелерді жылытатыны жайлы қорытынды жасау.
Жұмыс дәптері. 89-жұмыс парағы. «Үйкеліс өзгерісі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет