Сызбаны толықтыр. Оқушылар берілген мысалдарды өсу не кему ретімен сәйкес бағаналарға бөледі, үйкеліске қатысы жоқ мысалдардың астын сызады. Сызбаны өз мысалдармен толықтырады.
Жауап: Үйкелістің өсуі: «жүк қосу», «домалаудың орнына тыныштық». Үйкелістің кемуі: «жеңіл денені алу», «сырғанаудың орнына домалау», «тыныштықтың орнына сырғанау». Үйкеліс күшіне әсер етпейді: «жанасу аумағын кеңейту».
Бағытты көрсет. Оқушылар нұсқармен үйкеліс күшінің бағытын көрсетеді.
Жауап: Үйкеліс күші денелердің жылдамдығына қарсы бағытталған.
90-жұмыс парағы. «Үйкелістің түрлері» Сәйкестендір.
Оқушылар суреттерді оларға сәйкес келетін үйкеліс түрлерімен сызықпен қосады.
Жауап:
Тыныштық үйкелісі: жүріп келе жатқан қыз, түйін байланған жіп. Сырғанау үйкелісі - жұмысшы жіппен жүкті көлбеу жазықтықпен сүйреп жатыр, адам шаңғы теуіп жүр.
Домалау үйкелісі – жүріп келе жатқан көлік, бала ролик теуіп жүр.
ҚБ тапсырамсын орындату.
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Сұрақтар бойынша ой бөліс.
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде кедергі келтіретін күш қалай аталады?
Ол заттарға қалай әсер етеді?
Ол қай кезде пайдалы болады, қай кезде кедергі келтіреді?
Осы күштің байқалуына бірнеше мысал келтір.
|
|
әр топқа берілетін тақталар;
• бірінші топқа текше, массасы әртүрлі үш ойыншық мәшине;
• екінші топқа сапасы әртүрлі текше, ойыншық машина және үш жазықтық;
• үшінші топқа ойыншық мәшине мен бірнеше текше.
|